Приводим полный текст поздравления
Құрметті қостанайлықтар!
Сіздерді ұлттық мерекеміз — Республика күнімен құттықтаймын!
Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылдануы Қазақстанның тәуелсіздігіне жету жолындағы аса маңызды қадам болды. Бүгінгі ортақ міндетіміз — еңбегімізбен елімізді нығайтып, бірлігімізді сақтау және оның болашағына жауапкершілікпен қарау.
Еліміздің дамуы адамдардың өмірін жақсартатын нақты істерден құралады. Қостанайда атқарылып жатқан жұмыс та осы мақсатқа бағытталған. Қалада инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, жұмыс орындары ашылуда, тұрғын үйлер салынып, инфрақұрылым жаңартылуда. Абаттандыру және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру міндеттері жүйелі түрде шешіліп келеді.
Әрбір нәтиженің артында қостанайлықтардың еңбегі тұр. Адал еңбек етіп, бастама көтеріп, туған қаламыздың дамуына үлес қосып жүрген барша азаматтарға алғыс айтамын. Қостанайды заманауи әрі тұрғындарға жайлы қала ету жолындағы жұмысымызды бірге жалғастырамыз.
Қадірлі жерлестер!
Сіздерге зор денсаулық, бейбіт өмір және бақ-береке тілеймін. Әр шаңырақта татулық пен молшылық орнап, ертеңгі күнге деген сенім нығая берсін!
Республика күні құтты болсын!
Қостанай қаласының әкімі
Марат ЖҮНДІБАЕВ
Уважаемые костанайцы!
Поздравляю вас с национальным праздником — Днем Республики!
Принятие Декларации о государственном суверенитете стало важнейшим шагом на пути к независимости Казахстана. Сегодня наша общая задача — укреплять страну своим трудом, сохранять единство и ответственно относиться к ее будущему.
Развитие страны складывается из конкретных дел, которые меняют жизнь людей к лучшему. Этой цели подчинена и наша работа в Костанае. В городе реализуются инвестиционные проекты, создаются рабочие места, строится жилье, обновляется инфраструктура. Последовательно решаются задачи благоустройства и повышения качества жизни горожан.
За каждым результатом стоит труд костанайцев. Благодарю всех, кто добросовестно работает, проявляет инициативу и участвует в развитии родного города. Вместе мы продолжим начатую работу, чтобы Костанай становился современнее и комфортнее для жителей.
Дорогие земляки!
Желаю вам крепкого здоровья, мира и благополучия. Пусть в каждой семье будут согласие, достаток и уверенность в завтрашнем дне!
С Днем Республики!
Аким города Костаная
Марат ЖУНДУБАЕВ
