Біздің Қостанай

Қала көркі – тазалық

Шаһарымызда жаппай санитарлық тазарту жұмыстары жалғасуда

Қаламызда жыл сайын күзгі-көктемгі кезеңде жалпы аумақтар мен іргелес аумақтарды санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша іс-шаралар өткізу дәстүрге айналған десек те болады.

Бұл маңызды жұмыстарға тұрғындар мен мекеме-ұжым қызметкерлері де белсенділік танытуда. Қыркүйек айының жиырма алтысында басталған күзгі санитарлық жұмыстар барысында көше бойлары, балалар ойын алаңдары, саябақтар мен скверлер. жағажайлар қураған жапырақтардан, қоқыстардан тазартылды. Бүгінгі күні аталмыш жұмыстар жалғасын табуда.

Алдағы уақытта жеміс ағаштары мен қаламызға көрік беретін сәндік ағаштарын да отырғызу жоспарланып отыр. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше көшеттер Комаров, Баймағамбетов, Бауман, Арыстанбеков көшелерінің бойларына отырғызылады. Сонымен қатар Қобыланды батыр даңғылы да қамтылатын болады. Ағымдағы қызмет көрсету бойынша қаламыздағы коммуналдық мекемелер осы жұмыстарды атқаратын болады. Әр мердігер мекеме жоспар бойынша жеміс көшеттері мен терек талдарын егу жұмыстарын алдағы күндері бастап, қазан айының соңына дейін аяқтайтын болады. Еске сала кетсек облыс орталығына бес мердігер ұйым қызмет көрсетіп отыр. Соның бірі біз хабарласқан «АБЗ плюс» ЖШС.

– Қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін сынған бұтақтар, шіріген ағаш діңгектері мен ірілі-ұсақты қоқыстар шығарылды. Көше бойлары, жаяу жүргіншілер жолы мен көгал беттері, жауын кәріздері қураған жапырақтар мен өзге де қоқыстан тазартылуда. Сонымен қатар «Айкөмек» қызметінің сұранысы бойынша және жалпы қалалық сенбіліктерде қаланың оңтүстік бөлігінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Тазарту жұмыстары жалғасуда, – деді «АБЗ плюс» ЖШС директоры Николай Лобанов.

Бұл жұмыстарға аталмыш мекемеден отыз техника және алпыс шақты жұмысшы жұмылдырылып, 693 куб тұрмыстық қалдықтар шығарылған екен. Күзгі санитарлық тазарту жұмыстары алдағы күндері де қарқынды жүзеге асатын болады. Ауа райы да қолайлы жағдай туғызып тұр.

Жан ШАЙМЕРДЕН
Суретті ұсынған
«АБЗ плюс»ЖШС


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77