События

Қала әкімі Қайрат Ахметовтың қолынын сала мамандары Құрмет грамотасын алды

Қала басшысы Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, еңбектеріне алғысын білдірді

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов Тәуелсіздік күні қарсаңында қала әкімдігінің бөлім мамандарына облыс әкімі мен қала әкімінің Құрмет грамоталарын табыстады.

Марапат алғандар ішінде, Қостанай қаласы әкімінің орынбасары, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі секторының бас маманы, ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор мпңгерушісі, сәулет және қала құрылысы бөлімінің маман-заңгері, құрылыс секторының әдіскері, білім бөлімінің маманы, спорт бөлімінің әдіскерлері бар.

Қайрат Ахметов жиынға қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, еліміздің қаламыздың игілігі жолында атқарып жүрген әрі жауапты, әрі ізгі еңбектеріне алғысын білдірді.

– Биылғы жылдың қиындығы баршаңызға аян. Әлі күнге дейні әлем қауіпті індетпен күресу үстінде. Оның ішінде Қостанай жұртшылығына да оңайға тиген жоқ. Пандемиямен күрес жолында мемлекеттік орган өкілдерінің еңбегі баршылық. Жұмыс барысы қауырт жағдайда үйлестірілді. Дегенмен де, жоспардан ауытқымай жұмыстарды сапалы әрі тиянақты орындау үстіндеміз. Сіздердің әрқайсыларыңыз қызмет барысында жемісті еңбек еткендеріңізді білеміз. Сол себептен де мереке қарсаңында алғыс білдірудеміз. Келіп жеткен Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын. Отбастарыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс тілеймін, – деді Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов.

Қостанай қаласы әкімінің Құрмет грамотасын иелегендер арасында тұрғын үй коммуналдық шарушылығы мен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Нұралы Есергепов бар.

– Ағымдағы жыл баршамызға оңайға түскен жоқ. Дегенмен де, қаланы абаттандыру жұмыстары тұралап қалған жоқ. Жоспар бойынша осы жылы жасалуы керек болған жұмыстардың барлығын аяқтап жатырмыз. Істің ауқымдылығына қарамастан «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында едәуір жұмысты еңсердік. Марапатқа келер болсақ, әрине қала әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталып жатқаныма қуаныштымын, – деді Нұралы Есергепов.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Нұржан СМАЙЛОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77