ЖКХ Новости

Қалада қураған және апатты жағдай туғызатын ағаштарды кесу жұмысы басталды

Қала әкімі Қайрат Ахметов бұл жұмыстарды арнайы барып бағамдап қайтты

Ағаштарды ретке келтіру жұмыстарына 76 миллион теңге бөлініп отыр. Тиісінше, олар 16 мың ағаш отырғызуды жоспарлауда.

– Бөлінген ақша қаламыздың 75 ауласындағы ағаштарды реттеу жұмысы үшін жеткілікті. Осы жыл ішінде олар «Қостанай аулалары» бағдарламасының аясында абаттандыру жұмыстарымен айналысудамыз. Аула ішіне жаңа жол төсеп, ойын алаңдарын жаңартудамыз. Енді, жасыл кеңістікті ретке келтірудің кезегі келді, – деді Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ММ басшысы Алексей Тарасов.

Ауланы абаттандыру жұмыстарымен мердігерлер айналысатын болады. Солардың бірі «Таза Жол Ат» ЖШС. Олар әл-Фараби даңғылы, 96-шы үйдегі ескі теректерді кесіп жатыр.
Атқарылып жатырған жұмыстарды бағамдам қайтпаққа қала әкімі Қайрат Ахметов депутаттар және қоғамдық кеңеспен бірге мердігер ұйымдардың жұмысын тексеріп, азаматтардың бұл мәселе бойынша пікірлерін білді.

– Біз елде бірінші болып тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен пәтер иелерінің тұтыну кооперативі және мердігерлер арасында аулаларды реттеу және қалпына келтіру туралы меморандумға қол қойдық. Сонымен қатар, ағаштарды ретке келтіру кезінде біз алдыңғы жылдық тәжірибеміз бар және бұл істер оң нәтижесін берген болатын. Жолды, ойын алаңдарын және өзге де жөндеу жұмастарын жасағанан қандай пайда? егер қураған және тым биік жайылып өскен ағаштар ретке келтірілмесе? Сол себепті, ең алдымен біз тұрғындардың жайлылығы үшін барлық жұмыстарды жүргіземіз. Енді ағаштарды кесуге тұрғындардың көзқарасы қалай? – деп қала әкімі ортаға сауал жолдады.

– Әрине, наразы адамдар бар. Мәселен, кей тұрғындар ағашты кезіп жатқанымызды көргендіктен пәтерлерінде көлеңке болмайды деп шағымданды. Жапырағы түскен бұтақтар көктем шыға бүр жарып, жапырағы өскен соң көлеңке береді және бәрі қалпына келеді деп түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Тұрғындардың басым бөлігі қарсы емес, өйткені өз беттерімен бұл іспен айналысып көрген, алайда дәл біз сияқты ауқымды жұмыстарыды атқара алмайтындықтарына көздері жетті, – деді «Виктория» пәтер иелерінің тұтыну кооперативінің өкілі.
Мердігерлердің жұмысын бақылауды табиғи ресурстар бөлімінің мамандары жүзеге асырады. Олар сонымен қатар тұрғындармен сұхбат жүргізіп, ретке келтіру жұмыстары не үшін қажет екендігі жайлы түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізбек.

Жұмыстар жүргізіліп, қаралып жатқан уақытта жақын маңдағы тұрғын үйдің тұрғымын деп бір кейуана келіп өз ойын жеткізді.

– Әл-Фараби көшесі бойындағы 98-ші үйдің жанындағы ағашты кесіп тастаңыз. Асфальтты жөндеу кезінде бір жағынан теректер кесіліп, ағаш иіле бастады. Құдай сақтасын, күндердің бір күні біреудің басына түсіп кетеді. Менің тағы айтарым, мен тұрып жатырған үйге 60 жыл. Ол үй салынғалы бері тек бір рет қана бояу көрген. Үйдің қасбеті сырт көзге оғаш көрінеді. Мүжілген жерлерін жасап берсе жақсы болар еді, – деді кейуана.

Көз жасына ерік берген кейуананы қала әкімі сабырға шақырды.

– Біз дереу ағашты кесіп алдық. Ал қасбетке келетін болсақ, біз бұл мәселенің шешімін табамыз. Биыл ғимараттардың біраз бөлігінің қасбеттерін «Сүйіктік Қостанай» қорының қаражаты есебінен жөндеуден өткіздік. Олар келесі жылы да жұмысын жалғастыруды жоспарлап отыр, – деді Қайрат Жұмашұлы.

Депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелері атқарылып жатырған жұмыстар халық жайлылығы үшін екенін айтты.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77