События

Қалалық кітапханада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай көрме ашылды

Ашылу салтанатына тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы қатысты

Жыл бойына ұйымдастырылып, оқырман назарына ұсынылатын көрме елдің тарихи шежіресін баяндайды.

Іс шараға тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары Академиясының толық мүшесі Аманжол Күзембайұлы, “Толқын” шығармашылық студиясының мүшелері, жас ақындар мен БАҚ өкілдері қатысты. Сонымен қатар, шара толық бейнежазбаға түсірілді, кітапхананың “YouTube” желісіндегі парақшасына жарияланатын болады.

– Кітапхананың рухани өміріміздегі орны ерекше. Өйткені бұл рухани байлықты сақтайтын орталық. “Кітап-білім бұлағы”, – деп қазақ текке айтпаған. О, заманда біздің арғы ата бабаларымыз оқу орындары мен мұғалімдердің аз кезінде, білімді тек кітаптан алған. Ал Тәуелсіздік деп тойлатып жатырмыз. Бірақ, сол тәуелсіздікке қалай қол жеттік деген әңгімеге тоқтала кетуіміз керек. Мен тарихшымын, сондықтан мынау тәуелсіздік мейрамы, бұл бүкіл халықтардың мейрамдардың ішіндегі ең қасиетті мейрамы. Біздің қазақ үшін өмір бойы, көне заманнан ылғи ел мен жер үшін аттан түспеген қазақ үшін тәуелсіздік мейрамының мағынасы ерекше. Мен бұдан артық мейрамды білмеймін – деді Аманжол Күзембайұлы.

Көрменің бірінші бөлімі, «Ұлы дала ұраны – мәңгілік елдің мұраты мен мақсаты». Ұлы ұстаз Ы. Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орайластырылған кітап көрменің екінші бөлімі «Даланың дара ұстазы» деп аталады.

– Арнайы ұйымдастырылған көрменің негізгі мақсаты – Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, сындарлы жылдар ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегінің арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен толайым табыстарын, сондай-ақ қазақстанның қоғамдағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани игі өзгерістер белесін көпшілікке таныту, – дейді кітапхана қызметкері Ботакөз Дюсембаева.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77