Наурыз қарсаңында қалалық әкімдіктің өкілдері мен “Жанашыр бол” қоғамдық қоры перзентханаға барып, аналардың біріне қамшы табыстады.
Қамшы-бұл сәбиден жамандықтан қорғау үшін беріледі. Жалпы Наурыздың әрбір күні қазақстандық мәдениет пен қоғамның байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін белгілі бір тақырып пен құндылыққа арналған.
– 17 наурыз – «Наурыз-базарлық» күні. Жаңа туған нәрестелердің ата-аналарына «Наурыз-базарлық» естелік сыйлықтар табыстап, құттықтайды. Осыған орай бізде осы салт-дәстүрді жүзеге асырдық, – дейді Қостанай қаласының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қаламқас Сандыбаева.
Өздеріңіз білетіндей, қазақтар қамшыны тек қорғаныс құралы ретінде ғана емес, шаңырақтың тыныштығы үшін де іліп қояды. Ол қасиетті мағынаға ие. Бұл іс-шара Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі ММ тапсырысы бойынша “жастар ортасында қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау” жобасы аясында” Жаңашыр бол ” ҚҚ жүзеге асырылуда.
Аяжан СЕРІК
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77