События

Қаламыздағы №23 орта мектебінің оқушылары полиция альма-матерін тамашалады

Олардың мұнда академия курсанттардың өмірімен танысып

Қаламыздағы №23 орта мектебінің оқушылар үшін ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қызметкерлері қызықты бағдарлама ұйымдастырды. Жоғары оқу орнының музейінде оларға арналған экскурсиялар өткізілді. Онда шәкірттер академияның тарихымен, оның дәстүрлерімен, профессорлық-оқытушылық құрамымен, сондай-ақ курсанттардың күнделікті өмірінің ерекшеліктерімен танысты.

Жас жеткіншектер курсанттардың тұратын жерлері мен казармалардың ішін аралады. Сонымен қатар болашақ тәртіп сақшалырының күн тәртібімен де танысты.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің нақты жағдайларын имитациялайтын оқу полигоны оқушыларға арналған экскурсия кезінде жарқын және ұмытылмас әсер қалдырды.Сонымен қатар оқушылар ату тирін аралап, қару-жарақты қалай қолдану керектігін көрді. Сондай-ақ курсанттарды кәсіби даярлауды жүзеге асыратын спорттық жабдықтармен және күрес залдарымен де танысты.

-Бұл іс-шара барысында оқушылар курсанттардың өмірімен толық танысты. Академияның музейі де олардың ерекше қызығушылығын тудырды. Сондай-ақ олар болашақта осында білім алуды қалайтындарын да жеткізді, – дейді академияның баспасөз хатшысы Сәуле Нұрпейісова.

Іс-шараның соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, академия қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77