Образование

Қаламызда «жазғы мектеп» өз жұмысын бастап кетті

Мұнда оқушылар білім көкжиектерін кеңейтіп ғана қоймай, ішкі жандүниелерін рухани байытатын болады

Күні кеше ғана оқу жылы аяқталып, соңғы қоңырау сыңғырлаған еді. Бірақ мамырдың 25-де соңғы қоңырау соғылғанымен 26-да оқушылар қайтадан партаға отырып сабақ оқуды бастап кеткен. Бұл не, мұны қалай түсінуге болады десеңіздер, бұл елімізде орын алған коронавирус салдарынакн карантин уақытында үйде отырып оқыған балалардың білім алуында кеткен олқылықтарды орнына келтіру деп түсіндірер едік.
Иә Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жазғы меткеп деген ұғым пайда болды. Бұл жазғы мектеп оқушылардың барлық пән бойынша түсінбей қалған тақырыптарын түсіндіреді.

Міне, бүгінде қаламыздағы білім ордаларының барлығында жазғы меткеп өз жұмысын бастап кеткен. Біз арнайы бассұққан М.Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін меткепте барлыңғы 758 бала жазғы меткепке келіп жүр. Олардың ішінде 5, 6, ,7, 8, 10 сыныптың оқушылары бар. Қалалық білім бөлімінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі №207 «2021-2022 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларына қорытынды аттестаттауды өзкізу туралы» бұйрығының оқу сапасын арттыру ижәне пандемия, шектеу гаралары кезеңінде жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыру бұйрығы, 2022 жылғы 16.05 №06-16/2205 жазғы меткепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұстанымдары негізінде ұйымдастырылған.

Осындай мақсатта ұйымдаствырылып отырған жазғы меткепте 19 пән мұғалімдері жұмыс істеп жатыр. Оқушылар 9:00-12:30-ға дейін меткепте болады. Осы уақыт ішінде олар тек оқып қоймай демалып, спорттық шараларға қатысып, ойлау қабілетін арттыратын ойындар ойнап, ішкі жандүниелерін рухани байытатын қаламыздағы мұражайлар мен кітапхана, театрларды аралап, мәнді де мағыналы қойылымдарды тамашалайды.

Осы мақаланы жазу барысында №20 меткеп директоры Канзада Шынболатовамен арнайы жолығып, жазғы мектептің жұмысымен танысқан болатынбыз.

-Біріншіден оқушылар жазғы меткепке ата-аналарының рұқсатымен келеді. Алдын ала ата-аналардан балаларына жазғы мектепке қабылдауын сұраған өтініштерін жазба түрінде қабылдадық. Осыдан кейін ғана мамыр айының 26-нан маусымның 17-ші жұлдызына дейін жазғы мектепте білім алу басталды.
Бүгінде оқушылар тіл пәндер, математика, география, физика, химия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы пәндерінен қосымша сабақтар алып жатыр. Біздің ұстаздар әсіресе келесі жылы ҰБТ тапсыратын биыл 10 сыныпты аяқтаған оқушыларға ерекше көңіл бөлуді. Жазғы меткепке 10 сыныптың барлық баласы қатысып жүр. Олар мұнда өздері білмейтін, толық түсінбеген тақырыптарды әр пән бойынша қайтадан өтіп, меңгеруге тырысып жатыр.

Менің ойымша жазғы мектептің маңыздылы зор. Балалар көбі оқу жылы аяқталғаннан кейін көпке дейін ата-анасының демалысын күтіп, ешқайда бармай үйде отырады. Осындай кездері жазғы меткепке келіп, кейбір білмейтін тақырыптарын мұғалімдерге айтып, түсініп, ұғынып жатса жақсы емес пе.
Сондай-ақ оқушылар меткепте болатын үш сағатының барлығын оқимен өткізбейді. Сыныптастарымен қызық спорттық ойындар оынап, бір-бірімен достасып, білімдерін жетілдіріп, өңіріміздің киелі мекендерін аралап, рухани ошақтарда болып, уақыттарын мәнді де мағыналы өткізеді. Осы ретте біздің мектепте география пәнінің мұғалімі жетекшілік ететін өлке тану тобы жұмыс жасайды. Осы топтың құрамындағы балалар, киелі өңіріміздің киелі мекендеріне саясат жасап, табиғатпен танысады. Орманда, таза ауада серуендеп, көп дүниелерге қанығады. Бұл жоба оқушылардың ерекше қызығушылығына ие. Олар ұстаздарымен бірге табиғат аясына шығатын күнді асыға күтуде. Сондықтан жазғы меткептің балалапр үшін берері мол, – дейді мектеп директоры.

-Мен жазғы мектепке келіп жүрмін. Себебі, білімімді толықтырғым келеді. Бұл жазғы мектептің ерекшелігі сабақтар саяхат, ойын, дөңгеле,к үстел, зертханалық жұмыс ретінде өткізіледі.

Әсіресе, география пәнінің мұғалімі Жанат Бейсенованың сабағына ерекше қызығушылық танытамын. Себебі, апайдың сабақ беру әдісі ерекше. Ол кісі оқушылардың белсенділігін арттырып ойын, саяхат, дөңгелек үстелдер арқылы сабақ өткізіп, бәрімізді баурап алады. Осындай қызықты сабақтарының бірі күн жүйесіндегі 8 ғаламшарды рет-ретімен орналастырып, макетін жасау болды. Бізге бұл сабақ қатты ұнады.
Сондай-ақ биология сабағы да қызықты өтіп жатыр. Бұл пәннен сабақ беретін мұғаліміз Айжан Қосанова Ол кісі сабақ барысында лобараториялық құрылғыларды, макеттерді көп пайдаланып, оқушылардың қызығушылығын оятады. Бұл пәннен жапырақтың көлденең кесіндісінен микро препарат жасауды үйреніп, жапырақтың құрамдас бөліктерінің маңыздылығымен таныстық.
Ал тарих, қазақ әдебиеті сабақтарында мұражайларға барып, рухани байып қаламыз. Жазғы мектептің ең басты ерекшелігі сабақтардың дәстүрлі емес, демалу форматында өтетіндігі. Осында келіп жүргеніме өте қуаныштымын. Бізге түсінбеген тақырыптарымызды түсіндіріп, уақытымызды қызықты өткізуге көмектесіп жүрген ұстаздар қауымына да алғысым шексіз,-дейді №20 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Мадина Баубекова.

Әрине, оқушылардың бос уақытын қызықты да пайдалы өткізу маңызды.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Суретті түсірген Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77