Образование

Кейіпкеріміз Екатерина Гедзур қазақ тілінің жанашыры

“Бірлік бар жерде – тірлік бар” дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі.

Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады.

Бүгінде елімізді мекендеген ұлттар мен ұлыстар бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуде. Соның ішінде мемлекеттік тілді меңгеріп, бала тәрбиесіне де атсалысып жүрген өзге ұлт өкілдері де баршылық. Бұл дегеніміз ұлжандылық пен елге деген сүйіспеншіліктің белгісі деп білгеніміз жөн. Бүгінде бала күнінен бірнеше тілді жетік меңгерген әр саланың мамандары ел игілігі үшін еңбек етіп келеді.

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Екатерина Гедзур қазақ тілінің жанашыры. Бала күнінен мемелекеттік тілде білім алып, өз тағдырын бала тәрбиесімен, білім саласымен байланыстырған жан. Орыс ұлтының жанұясында дүниеге келгенімен, достары мен қоршаған ортасының арқасында қазақ тілін ана тілінен артық меңгергенін айтады. Оған сол келде қолдау білдіріп, мемелекеттік тілдегі мектепте білім алуына бірден-бір себепкер болған анасы екен.

– Қазір Тобыл қаласының мектеп-гимназиясында бастауыш сынып мұғалімімін. Менің ұлтым орыс болғанымен тілім мен жүрегім қазақ деп соғады. Қазақ тілінде сөйлеп қана қоймай, қазақ тілінде ойлауым нағыз жетістік деп санаймын. Ата-анамның арқасында тілді білгенім үлкен жетістігімнің бірі деп санаймын. Студенттік шағымда да көптеген іс-шараларға дол ашқан осы тіл деп нық сеніммен айта аламын. Соның арқасында еліміздің әр түкпірінен достар таптым. Сондықтан мемелекеттік тілдің мәртебесі әрдайым жоғары. Бұл еліміздегі ұлтаралық татулық пен достықтың басты көпірі деп санаймын, – дейді Екатерина Гедзур.

Жас маман бүгінде алдына келген бүлдіршіндерді білім нәрімен сусындатып қана қоймай, қоғамдық жұмыстарға да белсенді атсалысушы. Сондай-ақ, облыстық ҚХА Ассамблея жастарының белді мүшесі.

 Жан ШАЙМЕРДЕН, суретті ұсынған Екатерина Гедзур


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77