Социум

Қаламыздың бірқатар зейнеткерлері қант талон арқылы сатылса деген ұсыныстарын айтты

Қантты төмен бағада сататын «Солнечный» супермаркетінен қант тез арада сатылып кетіп жатыр

«Біздің Қостанай» газетінің редакциясына қала тұрғыны, зейнеткер хабарласып,  «Солнечный» супермаркетінен бірнеше ай қатарынан қант сатып ала алмай жүргені жайында айтты.

Бүгінде қалалық әкімдікпен қанттың бағасын төмен ұстауға келісім шарт жасасқан «Солнечный» супермаркетінің сөрелерінен қантты көру мүмкін емес.

-Өтірік айтқаным емес, қаламыздағы «Солнечный» супермаркетінен 1 келі де қант сатып ала алмай жүргеніме бірнеше айдың жүзі болды. Қашан барсам да қант таусылып қалды дейді. Енді не істеуге болады. Қанттың супермаркетке келіп түсуін сонда қонып жатып күту керек пе. Қазір күн өте ыстық. Мен сияқты жасы ұлғайған жандарға қант іздеп, жүре беру оңай емес. Супермаркеттегі қанттың тапшылығын мен ғана емес, құрбыларым, туған-туыстарым да бірнеше айдан бері сезініп келеді. Бұл қалай болғаны, неге супермаркетке түскен қантты тұрғындардың бәріне жететіндей етіп бөліп сатпайды.

Менің үйімнің жанындағы шағын дүкендерде қанттың келісі 750-950 теңге аралығында. Мұндай бағаны қайдан алып жатқанын түсінбеймін. Біз зияқты зейнеткерлерге мұндай бағада қант алу мүмкін емес. Зейнетақымыздан коммуналдық қызметтерді төлеп, басқа да қажетті азық-түлік аламыз. Сондай-ақ биыл бау-бақшалары бар құрбыларым жинаған жеміс-жидектерін арзан бағаға сатып жатыр. Былтырғыдай тосап қайнатуға қант жоқ. Бұл мәселе болашақта қалай шешілетінін білмеймін. Бірақ бір шешімі болуы керек қой.

Жақында Талдықорғанда тұратын таныстарыммен сөйлескенімде,  ол жақта қантқа арнайы талон арқылы саатылып жатқанын айтты. Олар айына бір рет берілген талон арқылы өздеріне тиісті мөлшерде қант алып отыр екен. Неге Қостанайда да қантты талонмен беруді қолға алмайды. Осылайша супермаркеттегі қантты тұрғындардың барлығы қолындағы талон арқылы  сатып алар еді ғой. Бізге де қант алу үшін талон енгізсе екен,-дейді қала тұрғыны София Захарова.

Сондай-ақ зейнеткер София Захарова бұл ұсынысын оның Людмила Третьякова, Татьяна Ситак, Мария Петрашкина,Зинаида Воронина, Елена Кожина есімді құрбылары да қолдайтынын жеткізді.

Осы ретте Қостанай қаласы әкімдігі кәсіпкерлер бөлімінің меңгерушісі Илона Тимошенко шынында да шаһарымыздағы «Солнечный» супермаркетінде қанттың түскен бетте жоғалып, тез сатылып кететін айтады.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77