Мұндағы басты мақсат жастардың бойында Отансүйгіштік сезімін ояту болды
Отаншылдық, Отансүйгіштік, Патриотизм – адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі. Көшпелі қазақ өркениетінде Отаншылдық ең қасиетті міндеттердің бірі саналды. Ежелгі түркі қағандығы кезінде тасқа жазылған Күлтегін ескерткішінде ел билеушілерінің Отаншылдық үлгісі көрініс тапқан. Төре, Қазыбек, Әйтеке билер, Бұқар жыраулар және ХХ ғасырдың басындағы А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейхан, ұлт зиялылары мен қайраткерлері Отаншылдықты сөзбен ғана емес, іспен де өнеге көрсете білді. Әйтеке би «Өмірім халықтікі, өлімім ғана өзімдікі» деп халыққа қызмет етудің, Отаншылдықтың айнасы бола білді. Тәуке хан заманынан қазақ қоғамында Отаншылдық байлықтан да жоғары бағаланды. Осындай қазақ хандығы тұсында айтылған нақыл сөздерді жастарға жеткізе білу қазіргі қоғам міндеті. Әскерге келем деген әрбір жауынгер жүрекпен сезініп келу керек. «Орталық» Өңірлік қолбасшылығына қарасты 6697 әскери бөлімінде «Ашық есік» күні қарсаңында, бөлімге келген жас өспірімдерге «Ерлік сабақтары» өткізілді. Мұнда бейбіт күннің батырлары мен қатар өз ісіне адал қызметкерлер жайлы айтылды. Ұлттық ұлан туралы түсірілген деректі фильмдер мен қатар «6-шы бекет» фильмі де көрсетіліп, колледж студенттеріне фильм кейіпкерінің ерлігі айтылды. Осындай өмірден алынған әскери патриоттық фильмдерді көрген жас буын өкілдері, әскер қатарына келіп Отан алдындағы міндеттерін абыроймен атқарғылары келетінін жеткізді.
– Қазақстанның әр жетістігінің, тарихи жаңару сәттерінің куәсімін. Қазақ елінің әлем сахнасындағы беделінің зор екендігіне, аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси жетістіктерге қол жеткізгеніне Қазақстан Республикасының азаматы ретінде мақтанамын. Әлі де талай белестерді бағындырып, дамыған елдердің қатарынан бой көрсетіп, халқымыздың әл-ауқаты жақсара түсетіндігіне сенімдімін. Ал, осы белестерді бағындыруда бақытты елдің ұрпағы ретінде титтей де болса үлес қосып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан қатарында, халқыма абыройлы қызмет еткім келеді. Себебі, Мағжан Жұмабаев атамыз «Мен жастарға сенемін» десе, Елбасымыз «Болашақтың кілті – жастардың қолында» деді емес пе?!»,-деп қорытты сөзін 6697 әскери бөліміне келген, студент Сәбит Асқарұлы.
Қымбат Шұғайып,
Қостанай қаласы 6697 әскери бөлімінің кіші сержант
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77