События

Қаламыздың әрбір шағын ауданында Наурыз тойланып жатыр

«Жаңа күн – Наурыз бастауы» мерекелік концертін КСК шағын ауданы жақсы атап өтті.

Алғашқы құттықтау сөзі Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы Омарғали Байғабуловқа берілді.

– Барлық тұрғындарды Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Шаңырақтарыңыз бақыт пен шатыққа толы болсын. Үйлеріңізден күлкі кетпесін. Осындай мерекелеріміз көп болсын,-деп құттықтады.

КСК шағын ауданындағы мерекелік іс-шараны академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті мен колледжі ұйымдастырды. Ал киіз үйлерді шағын аудандағы мектеп пен балабақша тұрғызған.

– Мереке құтты болсын. Міне, біз осындай киіз үй құрып, келген қауымды ұлттық тағамдармен күтіп алып жатырмыз. Қазір балаларға ұлттық ойындар ойнатылады. Сонымен қатар 14-ші балабақшамен бірігіп ұйымдастырған сценарийіміз бар. Салт- дәстүрді көрсетіп, мерекені жалғастырамыз, – дейді «Қостанай қаласы білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы №5 жалпы орта мектебі» КММ директоры Жанар Ерденова.

Спорттық ойындар, мерекелік бағдарлама, түрлі конкурстар ұйымдастырылды. Алайда тұрғындарға бір нәрсе онша ұнаған жоқ.

– Барлығы жақсы, бірақ ешкім ештеңе сатып тұрған жоқ. Кәуап жасап тұрған, балаларға арналған ойыншықтар болса жақсы болар еді, – дейді тұрғындардың бірі Александра Николаевна.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77