Біздің Қостанай

Қаланы өңдеуге жергілікті әскерилер кірісті

50 әскери қызметкер аулаларды залалсыздандырады

Запастағы әскерилер арасында шақыр-ушылардың сыртында, өздері ниет білдіріп жазылушылар да бар.

Олардың басты көздегені қиын уақытта мемлекетке көмектесу. Егер еріктілер тізіміне еңгіңіз келсе денсаулығыңыз жарамды болуы керек. Осыған байланысты барлығы міндетті медициналық тексеруден өткізіледі.

Тиімді және қауіпсіз дезинфекция мақсатында барлық шақырылушылар қорғаныс костюмдерімен, бетперделермен, қолғап-тармен, аяқ киіммен және техникалық құралдармен қамтамасыз етілген.

– Залалсыздандыру сұйықтығы бар құты әр қайсысына беріледі. Ол құтылар жаңа түрдегі пластмассадан жасалған, сондықтан жеңіл келеді. Әр өңдейтін адам осындай құтыны арқаларына асып алып жүреді. Жамбыл облысынан келген қызметкерлерде темірден жасалған құтылар болған, сондықтан олар екеуден ауысып қызмет еткен еді, – деп атап өтті тұрғын үй қатынастары бөлімінің бастығы Геннадий Колчанов.

Жұмысқа қабылданғандар бұр істерінен ештеңе жоғалтпайды. Қаланы залалсыздандырғандары үшін әдеттегі жалақылары сақталады, ал жұмыссыздар ең төмеңгі жалақы 42 500 теңгеден алмақ.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77