Аманат Кәкімжанов полиция саласындағы қызметін спортпен және өнермен ұштастырып келеді

Мамандық таңдау – адамның өмірлік бағытын айқындайтын маңызды қадам. Ал кейбір жандар үшін бұл таңдау бала күннен қалыптасады. Полиция майоры Аманат Кәкімжанов үшін құқық қорғау саласы – әке жолын жалғастырған, жүрек қалауымен келген қызмет.

– Әкем де құқық қорғау саласында Арқалық қаласында еңбек етті. Бала кезімнен оның жұмысын көріп өстім, сол мамандыққа қызығушылығым ерте оянды. Кейін әкемнің жолын қуып, осы саланы таңдадым, – дейді Аманат Қанатұлы.

Ол ішкі істер органдарындағы жұмысын 2014 жылы бастаған. Алғашқы еңбек жолы ювенальды полициядан басталды. Бұл кезеңде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеді. Ал қазіргі қызметі жедел-тергеу тобының оқиға орнына уақытылы жетуін бақылау, азаматтардың құқықтық талаптарын қамтамасыз ету сияқты міндеттерді қамтиды.

– Бізге келіп түскен әр хабарлама маңызды. Себебі әрбір қоңыраудың артында адамның қауіпсіздігі, оның құқығы мен тыныштығы тұр. Сондықтан кез-келген ақпаратқа жауапкершілікпен қарап, тиісті шаралардың уақытылы қабылдануын қамтамасыз етеміз, – дейді ол.

Ұрлық, төбелес, азаматтардың мүлкіне қатысты қылмыстар орын алған жағдайда жедел-тергеу тобы оқиға орнына барады. Осындай жауапты сәттерде полиция қызметкерлерінің шапшаң әрекеті мен үйлесімді жұмысы маңызды рөл атқарады. Алғашқы қабылданған шешім қылмысты ашуға, азаматтардың құқығын қорғауға және қоғамдық тәртіпті сақтауға ықпал етеді. Дегенмен Аманат Кәкімжанов өз жұмысын қиындық емес, жауапкершілік деп қабылдайды.

– Бұл салада жауапкершілік пен тәртіп аса маңызды. Әр күннің өзіндік міндеті бар. Ең бастысы – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың сенімін ақтау. Осы міндетті сезінген сайын өз ісіме деген жауапкершілігім арта түседі, – дейді полиция майоры.

Қызметтен бөлек, Аманат Кәкімжанов мектеп кезінен спортқа жақын – қоян-қолтық ұрыс және самбо бағыттарымен шұғылданып, түрлі деңгейдегі жарыстарда бақ сынап келеді. Облыстық және республикалық додалардың бірнеше дүркін жүлдегері атанған полицей 2019 жылы «Үздік мерген — 2019» байқауында да жеңімпаз атанып, мергендік қабілетін танытты. Спорттағы шыңдалу оның қызметтік міндеттерін орындаудағы шапшаңдығы мен төзімділігін арттыра түсуде.

Тәртіп сақшысы тек спортпен емес, өнермен де айналысады. Қызметте жүріп ән айтуға ден қойған ол Полиция департаментінде өтетін қоғамдық-мәдени шараларға белсенді қатысады.

2019 жылы мемлекеттік қызметшілер арасында өткен республикалық «Әр жүректе – туған жер» патриоттық әндер арт-фестивалінде жеңімпаз атанды. Сондай-ақ патриотизмді дәріптеп, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған дәстүрлі «Парасатты полиция» байқауына қатысып келеді.

Полиция қызметкерінің өмірінде отбасы орны ерекше. Бүгінде жұбайы екеуі бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр. Аманат Кәкімжанов үшін қызмет – халық алдындағы парыз, ал спорт пен өнер – тұлғалық дамудың бір бөлігі.

Назгүл АЗАТҚЫЗЫ,
суреттер жеке мұрағаттан

РЕКЛАМА

НАШИ ПРОЕКТЫ

Edit Template

ТОО «Газета «Наш Костанай»

Копирование и перепечатка материалов ограничена. С условиями использования материалов сайта «Наш Костанай» можно ознакомиться по ссылке.




контакты

Адрес редакции:
110000 г. Костанай,

пр. Аль-Фараби, 90

Телефон/факс 
8 (7142) 54-27-53.
Email: gazeta@top-news.kz

Яндекс.Метрика




партнеры

tobolinfo-logo-new-1
log3
qm_01

Газета «Наш Костанай» © 1990 – 2026.