Міне, бұл отбасы 13 жылға жуық уақыт шығармашылықпен айналысып келеді. Балаларға тегін сабақтар өткізіп, ересектерге арналған шеберлік сыныптарды ұйымдастырады. Ұлттық кәдесыйлардың түр-түрін жасап қана қоймай, әдеттегі құрғақ немесе дымқыл киізден ерекшеленетін жүнді өңдеудің ерекше түрін көрсетеді.
Олар көптеген көрмелер ұйымдастырып, сонымен қатар шетелге шығып, өзіміздің ұлттық кәдесейларымызды жасау жолдарымен таныстырған. Осы уақытқа дейін көптеген дизайнер-суретшілерді тәрбиелеп, тіпті олардың арасында қазір үлкен қалаларда жұмыс жасайтын шәкірттері де бар. Негізі суретші маман барлық өнерге қабілеті болады. Өйткені баланы кішкентай кезінен ұсақ моторикаға үйретсе, онда ол әр кішкентай бөлшекке мән беруді үйренеді.
«Arlan Design» авторлық интерьер дизайны студиясы балаларға тегін авторлық техника бойынша суреттер, жүннен жасалған аппликация құруды үйретеді. 2012 жылы ағайынды инноваторлар қой жүнінен жасалған бұйымдарға инновациялық патент алды. Қазір Анкауовтар балаларды өз үйірмесіне тартуда, оларда өнерге және туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелегісі келеді.
Төрт ағайынды. Бағлан мен Сарсен маркетинг және ұйымдастыру мәселелерімен айналысады. Дәурен мен Арлан көркемдік идеяға және оның шығармашылық инкарнациясына жауап береді.
– Біз бір-бірімізді толықтырамыз. Сурет сала білу бір нәрсе. Жұмыс процесін ұйымдастыра білу мүлдем басқа. Біз өз мүмкіндіктерімізді объективті бағалаймыз, не істей алатынымызды және не істей алмайтынымызды анық білеміз. Шығармашылық қабілет ақша табуға және өмірде өз орнын табуға көмектеседі, – дейді ағайындылардың бірі.
Осы сөздердің дәлелі ретінде Арлан қазір жұмыс істеп жатқан суретті көрсетті, жасыл шалғында тазы тұқымды ит пен бүркіт аң аулауға дайындалып жатыр.
– Бұл қой жүнінен жасалған панельді аппликация. Біз тек иіссіз боялған зауыттық жүнді сатып аламыз. Менің технологиямның бірегейлігі-көрнекі түрде суреттер жайлы, жұмсақ, көзге жағымды болып көрінеді. Олардың құрылымы күңгірт, қызықты. Бірақ іс жүзінде жабын қатты болып шығады, – дейді Арлан Анкауов.
Тапсырыстар көп, өтім жақсы. Мұның басты себебі, қазіргі таңда этно-мәдени стиль жақсы дамып келеді. Қазір көбінесе жастардың талғамы ерекше. Бүгінгі ұрпақ Батыстың үлгісінен гөрі заманауи стильде жасалған ұлттық бұйымдарға әуес. Еңбектің нанын теріп жеген шебер өнерін кейінгіге үйретуді парыз санайды. Бірі жүннен бұйым жасап, екіншісі ұлттық кәдесыйларды жасап шәкірттер де ұлттық өнерді дамытуға өз алдына күш салып келеді. Әсіресе ертеден ізі өшпей жеткен қолөнердің түрі – құрақ құрау бала шеберлер үшін таңсық дүние емес. Өйткені ұлттық өнер – біреу, ал шеберлік – әр маманда айрықша болуы тиіс.
Анкауовтар әулетінің бұл ісі ажесінен тараған қабілет деп айта аламыз. Қазақ халқы ежелден бері тоқумен айналысқан. Анасы Балдырған Қабдолқызы Анкауова да ұстанатын белгілі бір дәстүрлер сақталған. Ол кілемдерді түрлі композицияларымен безендіреді.
Олардың жұмыстары «Март» сауда орталығында кеңінен ұсынылған. Мұнда бағалар да көрсетілген. Жұмыстың күрделілігіне және жұмсалған материалдың көлеміне байланысты құны әртүрлі.
Ағайындылардың жұмыстары Қостанайда ғана емес, жеке коллекцияларда да, Астанадағы Тәуелсіздік сарайында, Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінде де сақталатынын атап өткен жөн.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77