Новости Экономика

Арқалық қаласында қуатты ет комбинаты «Торғай-Ет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылға жуық уақыт жұмыс жасап келеді

Біріншіден, комбинат ет және ет өнімдерін өндіруге арналған инвестициялық жобаның іске асырады

Өткен жылдық қараша айында ет өндеу зауыты сынақ режимінде іске қосылған болатын. Осы кезде ет, шұжық және консервілер өндірісінің барлық технологиялық тізбегі сәтті сынақтан өтті.

Ағымдағы жылдың көктемінде кешенді жұмысын бастаған комбинат, алғашқы үш-төрт айда қызметкерлер қабылдаумен және оларды оқытумен айналысқан. Дегенмен, бүгінгі таңда жоғарыда аталған өнімдердің тұрақты өндірісі құрылған.

– Ет өндіру және қайта өңдеу цехтарын іске қосу жобаның алғашқы кезеңі ғана. Бірінші кезеңде инвестициялар көлемі шамамен екі миллиард теңгені құрады. Екінші кезеңді жүзеге асыру биылғы көктемде, мал шаруашылығы кешенінің құрылысы басталған кезде басталды. Кешенде 5 мың басқа арналған малды бордақылау алаңы және 2,5 мың басқа арналған репродуктор болады. Меншікті мал базасы болашақта тірі мал түрінде кепілді қормен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондықтан біз мал шаруашылығы кешенін салуға үлкен мән береміз. Әсіресе, мал шаруашылығы кешенінің үштен бір бөлігі асыл тұқымды ірі қара малы, – деді ет комбинатының директоры Расул Муканов.

Аймақта жыл сайын боксит кенішінің және саз өндіру көлемінің төмендеуіне байланысты Арқалықтың экономикасының негізгі даму бағыты ауыл шаруашылығы болып табылады. Мемлекеттік қолдаудың арқасында 20 ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне 474 млн теңгеден астам несие берліген.

Жобаны іске қосу арқылы 60 жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді, алдағы уақытта жүз адамға дейін артпақ. Ет комбинатына ет өнімдерін өндіру және өңдеу бойынша технологтар және арнайы жабдықта жұмыс жасайтын мамандар қажет. Кәсіпорында жұмыс жасау біліктілікті қажет етеді. Сол себепті кәсіпорын қызметкерлерді оқытуға көп көңіл бөледі.

Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап ірі қара малының 670 басы, жылқының 97 басы, қойдың 200-ден астамы сойылып өндірілген. 2021 жылға қарай кәсіпорын күніне 10 тонна ет, 3 тонна шұжық өнімдері, 1 тонна консервіленген өнім өндіруге қол жеткізуді жоспарлап отыр.

Комбинат өнімдерді тарату және тұтынушыларға жеткізу үшін жәрмеңкелерге қатысады, шағынмаркеттерде өнімдерінің дәмін татқызу үшін тұтынушыларға жағдай жасайды.

– Біздің өнім Арқалық қаласының тұтынушыларынан бөлек, Нұр-Сұлтан қаласы, Ақтөбе облысы, Көкшетау, сонымен қатар Қостанай облысының бірнеше аудандарында сұранысқа ие. Сонымен қатар, Қостанайдағы аймақтық жәрмеңкелердің бірінің қорытындысы бойынша «Торғай-Ет» ЖШС-нің өнімдері Қостанай облысының «Ең жақсы азық-түлік тауарлары» деп танылды, – деп атап өтті «Торғай-Ет» ет комбинатының директоры Расул Муканов.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77