COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

102360

Выздоровевших

107590

Зарегистрированных случаев

3475

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1699

Летальных случаев

Біздің Қостанай

Артында өшпес із қалдырған

Ардақты тұлға, иманды ақсақал Мырзағали қажы Ғабдоллаұлы туралы сөз


Қоскөл ауылының ұмытылмас тұлғасы

Өмірде қимас адамдар дүниеден өткенде жаның қатты қиналып, еңсең түсіп қалады екен. Бәріміз үшін де ардақты да аяулы Мырзағали қажы Ғабдоллаұлы ауыр науқастан кейін қайтыс болды деген сөзді естіген кезде асқар тауымыз құлағандай сезіндік.

Себебі, ол нағыз азамат еді. Қиналғанның қолтығынан демеді. Жетімнің маңдайынан сипады. Көмекке мұқтаждардың нағыз жанашыры-тын.

Міне, осындай үлкен байтерекке айналған абыз ақсақалдан айрылып қалу бәрімізге де оңай соққан жоқ. Жалпы, өткен күндер жайлы толғану мен тебірену оңай емес екен.

Жүрегің қақ тілініп, ойың онға, санаң санға бөлінеді. Қазір міне, оның бақилық болғанына қырық күн де жақындап қалды. «Тас түскен жеріне ауыр» демекші, оның отбасына да жеңіл түспегені белгілі.

Қолыма қалам алған кезде есіме сонау бір сағынышқа айналған сағым жылдар орала берді. Ол кезде мен облыстық «Қостанай таңы» газетінің аға тілшісі едім.

Редакция журналистері жыл он екі ай тыным таппайтын. Маған бөлім басшысы Сәлім Меңдібаев облыстың Әулиекөл ауданына қарасты «Қазанбасы» кеңшарынан қой төлдетудің барысы жөнінде репортаж жазып келуді тапсырды.

Ол уақытта аталмыш басылым облыстық партия комитетінің органы болып табылатын. Газеттің беделі өте жоғары еді. Барған жеріміздегілер бізді ерекше бір ықыласпен қарсы алатын.

Сонымен жолым түсіп, тиісті кеңшарға да табан тіредім. «Қой қоздап, қорада шу» демекші, ұжымдағы шопандар қауымы қарбалас қимыл үстінде-тін.

Сондағы бір малшаруашылығына тікелей жауап беретін кісі: «Біз хабарластық. Қазір кеңшар басшысы Мырзағали Ғабдоллаұлының өзі де келіп қалады» – деді.

Шынында да көп өтпей Мырзекең отырған жеңіл көлік те біздің жанымызға келіп тоқтады. Сол шақта денелі келген жылы жүзді азамат ашық -жарқын мінез танытып, жол бастады.

Қораның ішіне кіріп, төлдеп жатқан қойлар мен қозыларды көріп, сақманшылардың жұмысымен де таныстық. Шопандар мен көмекшілер алдарындағы жұмыстарына қызу кіріскен.

Сол іс сапардан кейін осы шаруашылық жөнінде үлкен мақала жаздым. Мырзағали ағамен таныстығым үлкен ағалы-інілі қарым-қатынасқа ұласты.

Мақтаралдың мақтасын терген

Онымен отбасы облыс орталығына көшіп келген соң тіпті жақындай түстік. Ол менің мен оның ғұмырындағы қуанышқа ортақтасып, сәлеміміз әрқашан да түзу болды.

Асыл ағамыз өткен жылы ортаншы ұлым Рауан үйленген кезде ақ батасын беріп, жас жұбайларға шынайы жүректен шыққан ең ұлағатты сөздерін бағыштады.

Ол негізі кейбір дерек көздеріне қарасақ, жоғарыда тілге тиек етілген Әулиекөл ауданының Қоскөл деп аталатын елді-мекенінде туып өсті.

Әкесі Ғабдолла кешегі қанды майдан кезінде Ұлы Отан соғысына аттанды. Сол кезде ауылдағы барлық қиындық пен ауыртпалық өзі секілді қара сирақ балалар мен жүрегі нәзік әйелдер, шал-кемпірлердің мойнына түсті.

Бұл да өз қатарластарынан қалмай еңбекке тым ерте араласты. Асқар таудай әкесі 1955 жылы 49 жасында мәңгілік көз жұмды. Бұл кезде Мырзағали аға сонау Алматы шаһарындағы ауылшаруашылық институтында оқып жатқан болатын.

Әкесі өте балажан-ды. Өзі жаны қиналып жатса да алыс қалада оқып жатқан ұлына жағымсыз хабар бермеуді туысқандарынан өтінген. Алайда Алматыға аттанар кезде мұның маңдайынан құшырлана иіскеп, әкелік өсиетін арнаған-ды.

Бұл баласы мен оның соңғы рет кезесуі-тін. Үйдің бәйтерегі дүниеден өткен соң, шаңырақтағыларға да оңай болмады. Отбасындағылардың қамын терең ойлаған бозбала оқуын сырттай ауыстыруға тура келді. Себебі, анасы Мәлика өзінің соңында келе жатқан шиеттей алты баланы қатарға қосуға талпыныс жасап жатқан-ды. Саналы жігіттің жүрегі бәрін де сезді.

Сондықтан да аяулы анасына қолғанат болды. Мәлика апамыз өте еңбекқор еді. Оны тіпті табандылығы мен қайсарлығынан да болар, ауылдағылар «Біздің Қажымұқан» деп атап кеткен.

Өйткені, ол батыл болатын. Ер азаматтардан кем қалмай, білек сыбына жұмыс істеді. Осындай асыл қасиеттердің бәрі де балаларына жұқты.

Мырзекең Алматыдағы оқуын сырттай бөлімге ауыстырған соң ауданның «Москалев» кеңшарына агроном болып қызметке кірісті. Содан кейін бас агроном лауазымына көтерілді.

Уақыт өте аудандық партия комитеті бірінші хатшысының ұсынысымен «Қазанбасы» кеңшарына директор болып бекітілді. Бұл шаруашылықты ұршықша иіріп алып кетті.

Өзі қарапайым отбасында өскендіктен бе, ең алдымен қарапайым еңбек адамдарының жайын ойлады. Елді-мекендегі мәдениет және өнер ошақтарының жағдайы жақсара түсті.

Қаншама тұрғын үйлер салынды. Тіпті олардың дамалыс орындарына да айрықша назар аударылды. Содан 2005 жылға дейін Қазанбасы астық қабылдау пунктіне келіп, осындағы элеваторды басқарды.

Сүйген жары екеуі яғни Майнұр апамызбен жарасымды ғұмыр кешті. Өздерінен тараған 7 балаларына тәлім-тәрбие берді. Олардың бәрі де өмірден өз орындарын тапты.

Қымбатты Мырзағали аға, біз сізді ешқашан ұмытпаймыз. Өзіңіздің жетпеген ғұмырыңызды өміріңізді жалғастырып келе жатқан ұл-қыздарыңызға, немерелеріңізге берсін.

Оразалы Жақсанов


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77