Оның көпшілікке берері мол
Қостанай өңіріне Владимир Владимирович Лобковтың есімі жақсы таныс. Ол кезінде ұзақ жылдар бойы облыстық ауруханада жауапты қызмет атқарды.
Өзінің елгезектігімен, таңдаған кәсібін жетік меңгергендігімен көпшіліктің алғысына бөленді. Мол тәжірибесіне сүйене отырып, ғылыми еңбек жазды. Сөйтіп, кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғаған болатын.
Ол қазіргі таңда облыс орталығындағы «Авиценна» медициналық орталығын басқарады. Қызметтен бос кезінің бәрін де біліктілігін жоғарылатуға, салауатты өмір салтын ұстануға, ғылымға арнайды.
Соның жарқын айғағы ретінде ол белгілі маман В.Роммен бірге «Код самооздоровления» деп аталатын кітап жазған еді. Бұл туындысы өткен жылы Ресейдің Новосибирск шаһарында жарық көрді.
Осы еңбекті қолға алып, оқыған адам медицина жайлы тың мағлұматқа кенелері даусыз. Өйткені, онда денсаулыққа байланысты аса пайдалы кеңестер берілген.
Біз Владимир Лобковқа алдағы уақытта да ғылымда зор табыс, отбасында береке, өзіне мықты денсаулық тілейміз.
Оразалы Жақсанов
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77