Президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы
Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
– Бүгін Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды. Президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер жоқ, – деп жазды Берік Уәли Facebook-парақшасында.
Баспасөз хатшысының айтуынша, Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеулер алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді.
– Қасым-Жомарт Тоқаев барша халықты мейлінше тезірек вакцина салдыруға шақырды. Бұл – өзіңді және жақыныңды қорғаудың жалғыз жолы, – деп толықтырды ол.
2021 жылдың қаңтарында Президент коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина сәтті сынақтан өткен жағдайда екпе салыдартынын айтқан.
– Отандық вакцинаны тестілеудің оң нәтижесінен үміттіміз. Егер жақсы нәтиже болса, мен қазақстандық вакцинаны салдырамын, – деді Тоқаев 26 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Айта кетейік, 2020 жылдың желтоқсанында Қарағанды фармацевтика кешенінде ресейлік «Спутник V» вакцинасын өндіру басталды. Бастапқыда зауытта 2 миллион доза өндіру жоспарланған болатын. Ақпанда Үкімет Қазақстанда «Спутник V» вакцинасын өндіруге 15 миллиард теңге бөлді.
Сурет ашық ақпарат көзінен алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77