Онда мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін өзге ұлт өкілдері пікір алмасты
Қостанай облысы тілдердерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқының тілдері күні қарсаңында «Тіл татулық тірегі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның басты мақсаты – Қостанай өңірінде қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерімен кездесу, жастар арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін насихаттау.
Дөңгелек үстелде облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова мемлекеттік тілдің мәртебесі, қолданылу аясы жайында айта келе, Мемлекет басшысының өз Жолдауында қазақ тілінің ғылымнығ, білімнің, мәдениеттің тілі болуы керек деп нақтылап айтқанына тоқталды.
Тілдер күніне арналған басқосуға А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры Қалқаман Жақып, филология ғылымдарының кандидаты Кенжегүл Есіркепова, «Мукарима Ана» мекемесінің директоры Балбөпе Ертаева және қазақ тілін еркін меңгерген өзге ұлт өкілдері қатысты.
Шара барысында, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры Қалқаман Жақып қазақ тілін білу бір бөлек те, қазақ тілінде сөйлеу бөлек екеніне тоқталды. Ол өзі қоғамды жиі кездестіретін тілге қатысты бір жағдайды атап өтті. «Мен бір кісіні білемін. Өзге ұлт өкілі. Оның қазақша жақсы білетінін де білемін. Бірақ ол ешқашан қазақша сөйлемейді» деп мысал келтіре отырып, елімізде ғұмыр кешіп жатқан азаматтардың қазақша түсіне тұра, біле тұра сөйлемейтін жағдайларына тоқталды.
Сонымен қатар басқосуға жиналған қазақ тілінде еркін сөйлейтін өзге ұлт жастары «Тіл үйренудегі менің тәжірибем» тақырыбында қызу пікір алмасты. Олар өздерінің қазақ тілін қалай үйренгендерін баяндады. Осы ретте қазақ тілін еркін меңгерген М.Горкий атындағы гимназияның мұғалімі Дмитрий Ромащенко қазақ тілді меңгерудің тиімді жолдарына тоқталды. Ол өз мемлекеттік тілде еркін жеткізіп, пікір алмасу ба рысында өзіне қойылған сұрақтьарға жауап берді. Сонымен қатар мемлекеттік тілді еркін білу менің міндетім деп санайтын «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Наталья Рамазанова қазақ тілін меңгерген жастардың алдында үлкен мүмкіндіктер ашылатынына тоқталды. Ұлтың өзге болса да Қазақстанда туып-өсіп, бақытты ғұмыр кешіп жатқан соң, сол елдің тілін де, жерін де, халқын да сүю керек. Бәріне үлкен құрметпен қарай керек деген пікірін жеткізді.
– Қазіргі таңда қазақ тілін үйренем деген жанға «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығы жан-жақты қызмет көрсетіп отыр. Мемлекеттік тілді бір кісідей білсем, еркін сөйлей алсам деген жанға білікті тіл мамандары көмектеседі. Қоғамда қазақ тілін үйренсем деген жандардың саны артып келеді. «Ұлттың жаны тіл» демекші, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мақсатында тынбай еңбек етуге дайынбыз, – дейді облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Бақытгүл Сүлейменова.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей қызық тілін білу бір бөлек те, қазақ тілінде сөйлеу бір бөлек әңгіме. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтудің бірден бір жолы оның қажеттілігінде болса керек.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77