Біздің Қостанай

Қазақстанның құрметті журналисі Сәлім Тоқмырзаұлы Меңдібайға арналған ескерткіш тақтаның салтанатты ашылуы болды

Бүгін облыстық «Қостанай таңы» газетінің 100 жылдық мерейтойы мен қазақ журналистикасының атасы Мұхамеджан Сералиннің 150 жылдық мерейтойы аясында редакция қабырғасына белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі Сәлім Тоқмырзаұлы Меңдібайға арналған ескерткіш тақтаның салтанатты ашылуы болды

Маңызы зор басқосуда Сәлім Тоқмырзаұлының өмірі, еңбек жолы жайлы жақсы естеліктер айтылды. Іс-шараға қоғам қайраткерлері мен ағамыздың бауырлары, журналистер ат салысты. Тақтаны салтанатты ашу рәсімі ардагер журналист Қасымхан Алдабергенов пен қоғам қайраткері Тоқтарбай Қадамбаевқа берілді.

Салтанатты жиын велосипедшілердің шеруімен жалғасын тапты. Ал алыс-жақыннан келген қонақтар, зиялы қауым өкілдері, Сәлім Тоқмырзаұлының туыстары облыстық өлкетану музейі, Ы.Алтынсарин мемориалдық музейі және Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханалары ұйымдастырған көрмелерді тамашалады.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77