Социум

Қазір ерекше назардағы тақырыптар талқыланды

Бүгін № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде “Жаңашыр бол” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен маңызды кездесу өтті. Талқылаудың негізгі тақырыбы отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық, қоғам тарапынан ерекше назар аударуды қажет ететін мәселелер

Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық-қазіргі қоғамның ең жасырын, бірақ жойқын мәселелерінің бірі. “Жанашыр бол” ҚҚ өкілі отбасындағы зорлық-зомбылық әртүрлі нысандарда, яғни физикалық, психологиялық, экономикалық және жыныстық зорлық-зомбылықта көрінуі мүмкін екенін атап өтті.

– Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы заң 2009 жылдың 4 желтоқсанында қабылданды. 2024 жылғы 15 сәуірде “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң, яғни қылмыстық кодексте өзгеріс болды. Қазақстанда 2024 жылдың 16 маусымынан бастап жұмыс істей бастайды. Егер бұрын отбасында жұбайына қатысты жанжал болса, онда оған ескерту немесе нұсқама берілді. Сондай-ақ, егер ол өтініш білдірсе, өтінішті қайтарып алуға құқығы болған еді. Енді ол өтінішті қайтарып ала алмайды, – дейді “Жанашыр бол” ҚҚ өкілі Жасгуль Тогжанова.

Кездесуде зорлық-зомбылық құрбандарын қолдау шараларына ерекше назар аударылды. Уақытша баспана беру, құқықтық қорғау және психологиялық көмек көрсету мүмкіндіктері талқыланды. Қатысушылар зардап шеккендер үшін қауіпсіз орта құрудың және қайталанудың алдын алу үшін жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте мемлекеттік құрылымдар ғана емес, қолдау көрсетуге дайын қоғамдық ұйымдар да маңызды рөл атқарады.

– Жақын арада бізге нұсқау келіп түсті. Біз қызметкерлердің тұрмыстық жағдайларын қарастырамыз, әйелімен сөйлесеміз, егер үйленбеген болса, онда ата-аналармен сөйлесеміз. Сондай-ақ әртүрлі түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, – дейді азаматтық қорғау капитаны, Қостанай қаласының № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Руслан Асқаров.

Бүгінгі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту ең көп талқыланатын тақырыптардың біріне айналды.

Материал Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Жанашыр бол» қоғамдық қоры жүзеге асырып жатқан «Жастар арасында қазақ отбасының жағымды имиджін насихаттау» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында дайындалды.

Аяжан СЕРІК,
суреттерді түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77