Былтырғы жылға қарағанда борышкерлер берешегі төмендеген
Қостанайда «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес және 2019-2020 жылдарға жалпы ұзындығы 21,209 шақырым желілерді қайта құру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланған.
Жалпы құны 4 765,3 млн теңге, атап айтқанда 14,747 шақырым сумен жабдықтау желілерін қалпына келтіруге жалпы құны 3688,1 млн теңгені құрайды. Кәріз желілерін ауыстыру жұмысы бойынша 6 462 шақырымды құрайтын, құны 1 697,2 млн теңге болатын жұмыс атқарылмақ.
Қостанай көшелерінің, атап айтқанда Шаяхметова-Сянов, Победа көшесіндегі ауырлық кәріз коллекторын қайта жаңарту дайындық жұмыстары басталды. Ағымдағы жылы 138,3 млн теңге қаражат 1,4 км коллекторларын жаңарту жоспарланған. Нысан екі жылдық, объектінің жалпы құны – 299,97 млн теңге болмақ.
Жоғарыда аталған бағдарлама аясында 2019 жылы ұзындығы 3,4 шақырым болатын 533,3 млн теңге сумен жабдықтау желілерін қайта құру жоспарлануда. Сондай-ақ, барлық апатты су құбырлары толық жөндеуден өткізілген соң, тұтынушы есептеу құрылғылары орнатылады. Нәтижесінде тұтынушыларды судың текше метрі 6 пайызға дейін төмендейтін болады. Сонымен қатар өңірімізде суды залалсызданыдру әдісі қарқын алды.
–Біріншіден биыл сұйық хлор мен тұздың бағасы да қымбаттады. Суды залалсызданыдру жұмыстары арзан емес екендігі белгілі. Сондықтан, биыл суды тазартуға бірақ қаражат жұмсалды. Дегенмен, өзге жұмыстарды үнемдеудің арқасында қаражат бәріне жеткілікті болды. Қазір сұйық хлордың орнына натрий гипохлоритін қолданудамыз. Нәтижесі де жаман емес – деді «Қостанай-су» КММ директоры Еркебұлан Файзулаев.
«Қостанай-Су» мемлекеттік кәсіпорнының борышкерлер берешегі көңіл көншітпейді. Мәселен, 2018 жылғы жағдай бойынша 53,9 млн қаражат, оның ішінде жеке тұлға борышы 42,3 млн теңге, ал, заңды тұоға қарызы 11,6 млн теңгеге жеткен. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде борышкер берешегі 51,4 млн теңгені құраған. Жеке тұлғалар қарызы 43,0 млн теңге болса, заңды тұлғалар борышы 8,4 млн теңгеге түскен. Борышкерлер берешегін азайту бойынша бірқатар шаралар жүргізілуде. Мысалы, жеке смот орындаушылармен бірлесіп рейд жұмыстары атқарылады. Сондай-ақ, борышкерлерді сумен жабдықтау су бұру жүйесіне ажырату шарасы, жеке тағайындалған және жеке сектор бақылаушыларының рейдтері жүргізіледі.
Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарының, «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің, Қостанай қаласы ІІБ ПБ-нің қатысуымен борышкердің ең көп берешегі бар абоненттердің өтініштеріне бірлескен рейдтер жүргізіледі. Қалаларды құрушы ірі кәсіпорындардың басшыларына тұрақты түрде салыстырып тексеру үшін қызметкерлердің тізімдерін ұсыну туралы хаттар тұрақты түрде жіберіледі.
Ал, осы борышкерлердің берешегінің азаюуына жол бермейтін ағымдағы мәселелерде жоқ емес. Мысалы, қолбайлау ететін көптеген себептер баршылық. Үй иесінің үйінде жоқтығы, Ескі иелерінен қалған қарыздар, Заңнамада көрсетілмеген мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет департаментінен ақпарат беру, сот шешімдерін сот орындаушыларының мерзіміненбұрын орындауы сынды себептер.
Мұнымен қатар «Қостанай-су» қашықтықтан басқарылатын есептегіш құрылғыларды орнатуды тұрғындарға ұсынып отыр. Мердігер ұйымдарға соңғы ағымдағы салынып жатырған жаңа баспанаға жаңа қондырғылары орнату міндеттеледі. Ал, бұрыннан есептеуіш құрылғылары бар тұрғындарға міндетті емес, тек өздері қалаған жағдайда ғана ауыстыруларына болады. Алайда, ескі құрылғы істен шықса, қашықтан басқарылатын құрылғыны бірден орнату қажет болып табылады.
Бұл қашықтықтан басқарылатын қондырғылардың құны жиырма мың мен жүз мыңнын арасында. «Қостанай-су» мамандары осы құрылғылар салқын судын үнемділігіне өз септігін мол тигізеді деп отыр. Олардың айтуынша алдағы он жылда қала тұрғындарының баршасы қашықтықтан есеп алатын қондырғымен басқарылатын болады дейді.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77