События

Байқау жеңімпаздарына марапат табысталды

«Ақ жол» ДП Қостанай облыстық филиалының төрағасы Махаббат Жутаев марапаттады

«Ақ жол» демократиялық партиясының Қостанай облыстық филиалының төрағасы Махаббат Жутаев «Ақ жол» партиясы ұйымдастырған екі бірдей байқаудың жеңімпаздарын марапаттады.

«Ақ жол» партиясы ұйымдастырған «АБАЙ АРМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықаралық мүшәйрасында Тобыл-Торғай өңіріне аты белгілі ақын, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ақылбек Шаяхмет – Әлімхан Ермеков атындағы арнайы сыйлыққа ие болған еді. Партия филиалының басшысы Махаббат Жутаев жеңімпазға тиесілі марапатты табыстады.

Сонымен қатар, «Ақ жол» демократиялық партиясы дәстүрлі түрде өткізіп келетін «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» байқауының жүлдегері Данияр Ихсанға да арнайы жүлде мен төсбелгіні филиал төрағасы табыстады. Данияр «Алаш қозғалысындағы «ақтаңдақтар» номинациясы бойынша «Алаш қайраткері Ғазымбек Бірімжан» тақырыбымен ІІ-орын иеленген болатын.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77