Новости Социум

Балабақша кезегінде тұрғандардың назарына

Биыл 2500-ден астам бала балабақшаға орналасатын болады

Үстіміздегі жылы қаламыздағы балабақшаларға 2500-ден астам бала орналасатын болады. Жалпы, 9000 ата-ана өздірінің сәбилерін балабақшаға орналастыруға үмітті. Бірақ балабақшаларда орын санаулы болғадықтан оларға кезектерін күтуге тура келеді.

Жылда өңірімізге басқа аймақтардан көшіп келушілер мен дүние есігін ашқан сәбилердің саны көбейген. Сондықтан қазіргі таңда балабақша кезегінде тұрғандар саны азаймай отыр.

Осы ретте балабақшаға электронды түрде кезекке тұрған ата-аналардың естеріне салатын бір жай, балабақша кезегін жиі қарап, өздерінің тізімде нешінші болып тұрғандарын үнемі қадағалап отырулары керек.

Өйткені, егер бір орын босайтын боса ол алғашқы 3 жұмыс күнінде ғана кезектің басында тұрғандарға тисілі болады. Кейін ол бос орын  кезектің ортасында немесе соңында тұрған бүлдіршіндерге де тиісті болып саналады.

Сондықтан арнайы сайтқа жиі кіріп, өздеріңіздің тізімдегі орындарыңызды қарап, бос орынның бар немесе жоқ екенін тексеріп отырғандарыңыз абзал.

Сондай-ақ балабақшаға кезегі келіп, жолдама алған соң 5 жұмыс күннің ішінде баланың құжатын толық жинап тапсыру қажет. Егер осы мерзім ішінде баланың денсаулық паспорты мен денсаулығы жөнінде анықтаманы тапсырып үлгермеген жағдайда берілген жолдаманың  жарамдылығы жойылады. Сондықтан баланың құжаттарын тез әрі дер кезінде дайындап, тапсыру өте маңызды.

Шаһарымызда балабақша кезегін азайту мақсатында жаңа балабақшалар салу жоспарлануда. Мәселен, «Аэропорт», «Юбилейный», «Береке» сынды жаңа көп қабатты тұрғын үйлер бой көтеріп жатқан шағын аудандарда балабақша салу жоспарланып отыр.

Атап айтар болса, «Аэропорт» шағын ауданында 280 орындық балабақша салу жоспарлануда. Қазіргі таңда оның құжаттары дайындалып жатыр. Сонымен қатар «Береке» шағын ауданында жаңа балабақша ашу жоспарда бар.

Болашақта қаламызда жаңа балабақшалар бой көтеріп, өз жұмысын бастаса кезекте тұрған балалар саны азаяды деген сенімдеміз.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77