События

Балалардың шад-шадыман көңілі айналаға нұр шашады

«Бала бауыр етің» дейді халқымыз. Бала көз қуанышың, өміріңнің мәні  де сәні емес пе. «Баламның табанына кірген тікен менің маңдайыма қадалсын» дейтін ақ жүректі ананың тоғыз ай толғанып, дүниеге әкелетін  сәбидің құдіреті қандай десеңізші

Жаңа туған нәрестенің иісіне жететін ғаламда әтір жоқ шығар. Міне, бүгін осындай өмірімізді гүлдендіріп, нұрландырып жүрген құлыншақтарымыздың мерейлі мерекесі.

Бүкіл әлемде 1 – ші маусым – Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіліп, ескі халықаралық мейрамдардың бірі ретінде саналады. Оны өткізу жөнінде шешім 1949  жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды.

Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді БҰҰ  аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды.
Еліміздің болашағы желкілдеп өсіп келе жатқан ұрпағымыздың денсаулығын сақтау, өмірін қорғау, ұлттық тәрбие беру біздің парызымыз.

Жыл сайын осынау мереке қарсаңында, шаһарымыздың орталық саябағында көңілді әуен ойнап, түрлі қызықты шаралар ұйымдастырылады. Сондай-ақ бұл  балғындардың күміс күлкісі төгіліп, ата-аналарына еркелеп, қалағандарын істетін ерекше шаттыққа толы сәт.

Әр отбасының көркін кіргізіп, күміс күлкіге көмкеріп жүрген бүлдіршіндерді ата-аналары гүлдей жайнатып киіндіріп, қаламыздың көрікті жерлеріне апарып қыдыртады.

Осы ретте қала тұрғыны Айнұр Нұғыманованы сөзге тартқанымызда, ол:

– Біз жолдасым екеуіміз қызымыз Айзатты жылда 1 маусым – Балаларды қорғау күнінде шаһарымыздың орталығына апарып, ойнатып, тәтті алып беріп көңілін аулаймыз. Оған орталықтағы баттут қатты ұнайды. Бір кірсе шыққысы келмейді. Күнделікті ойнатуға жұмыстан қолымыз босай бермейді. Әтседе, балалардың мерекесі  күні қызымызға қуаныш сыйлауға тырысамыз, – деді.

Әр бала бақытты болуға жаралғанын естен шығармайық. Олардың көңіліне қаяу салмай, бақытты балалық сыйлауға асығайық.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Суретті түсірген Әбіл ДОСЖАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77