COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

Выздоровевших

Зарегистрированных случаев

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

Летальных случаев

Біздің Қостанай

Бастауыш 1-4 сыныптарда кезекші сыныпта оқытуды ұйымдастыру

2020-2021 оқу жылында «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» ММ-да 2020 жылдың 14 желтоқсан айына барлығы 458 оқушы білім алуда

№24 мектеп-гимназиясы тамыз айынан бастап кезекші топтардың жұмысын санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, оның ішінде осы тәртіпке сәйкес ата-аналардың (балалардың заңды өкілдерінің) өтініштері негізінде кезекші топтарды аштық. Өтініштер электрондық нысанда қолжетімді құралдар арқылы қабылданды.

Кезекші топқа баруға ниет білдірген балалардың ата-аналарынан мектеп ұйымы басшысының атына өз ниеті туралы өтініш жазды және оны қол жетімді байланыс құралдары арқылы сынып жетекшіге жіберді.

Мұғалім өтінішті әкімшілікке берді.

1-4 сынып оқушыларының ата-аналарынан берілген өтініштер негізінде 15 балаға дейінгі кезекші топтар құрылды.

Кезекші сыныптардың қызметі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтаған кезде, оның ішінде осы тәртіпке сәйкес жүзеге асырылды.
Кезекші сыныпта оқуға созылмалы аурулары жоқ балалар жіберілді (өтініште көрсетілген).

Балаларды кезекші сыныптарда оқытуды таңдау құқығы балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне тиесілі.

Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларды кезекші сыныптарда оқуға жіберу арқылы балалардың қоғамдық ортада болатындығына және коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупі бар екендігіне түсініктері мен келісімдерін білдірді.

Балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдері балаларына әлеуметтік алшақтық қажеттілігі туралы түсіндірілді.

Балалардың ата-аналары оқу күні басталар алдында мектептің сыртқы есіктеріне дейін балаларды алып жүруді және оқу күні аяқталғаннан кейін мектептің сыртқы есіктерінен үйге дейін балаларды алып жүруді жүзеге асыруды қамтамасыз етті.

Мектеп дезинфекциялау құралдарының қорымен қамтамасыз етіледі (кіре берістегі дезинфекциялау кілемшесі, тепловизорлар, санитайзерлер, ылғалды, дезинфекциялық жинауды қамтамасыз етуге арналған құралдар).

Мектепте қамтамасыз етіледі:

– әлеуметтік алшақтық үшін ауысымдарды ұлғайту және ауыстыру;

Өтініштер электрондық нысанда қолжетімді байланыс құралдары арқылы қабылданды.

Сынып жетекшісі қолжетімді байланыс құралдары арқылы балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне балаларды қашықтан немесе кезекші сыныпта оқытуды таңдау құқығының бар екендігі туралы хабарлады.

Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері шешім қабылдап, сынып жетекшісін қолжетімді байланыс құралдары арқылы балаларды қашықтан немесе кезекші сыныпта оқыту ниеті туралы хабардар етті.

Ата-аналар балаларды кезекші сыныпта оқытқысы келген жағдайда, олар мектеп директорының атына өз ниеті туралы өтініш жазды және қол қойып, оны қолжетімді байланыс құралдары арқылы сынып жетекшісіне жіберді.

Сынып жетекшісі өтінішті жалпы мектеп әкімшілігіне берді.

Мектептің әкімшілігі сынып жетекшілерінен берілген өтініштер негізінде 15 балаға дейінгі кезекші сынып-жинақтарды қалыптастырды.

Кезекші сыныптардың контингенті, кестесі, жұмыс кестесі, педагогикалық құрамы педагогикалық кеңестің отырысында 28 тамыздан кешіктірілмей бекітілді.
Кезекші сыныптағы оқу процесі мектептің бекітілген жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Кезекші сыныпта сабақтарды мектеп әкімшілігі бекіткен бастауыш сынып мұғалімі жүргізеді.

№24 мектеп-гимназиясына ата-аналардан келіп түскен өтініш бойынша 1-ші сыныптарда 8 топ 2-ші сыныптарда 2 топ, 3-ші сыныптарда 2 топ ашылды.

Барлығы кезекші сыныптарда 160 оқушы оқиды. Ал егер мектеп қандай жағдаймен оқытып жатывр десек, сынып бөлмелері санитарлық талапқа сай бактериоцидтық лампалар қойылды, Мектеп бойынша 8 лампалар алынған. Бірінші сыныптардың 1 -ші сабағынан кейін бөлме тазартылып, желдетіліп отырады. Ал бірінші топ сабақтарын аяқтағаннан кейін тағы бір қайтара тазартылады, ал сәрсенбі күндері балалар келмейді. Олар қашықтық сабағына қатысады. Міне, осы жүйені жүйелендіріп, қалыпқа келтіріп 2-ші тоқсанды аяқтауға дайындалып жатырмыз. Күнделікті балалардың келуі бірден мектеп ғимаратының 5 есігінен 5 топ кіреді, ата аналар мектепке кірмейді. Бұл да қалыптасып қалды. Балалар өз беттерімен шешініп, киінеді. Бес есікте де кезекші мұғалімдер тұрып, балалардың дене қызуын өлшеп, белгілейді. Ғимараттың кіре берістен бастап, әр қабатта антисептикалық қол жуатын сұйықтық арнайы приборлармен қойылған. Олар балаларға да, үлкендерге де ыңғайлы, қолдарын тек қана жақындатып, қолданады. Мектеп бойынша 8( контаксыз) без контан , 14( локтевой) білекпен антисептик қойылған. Міне, осындай жағдаймен кезекші сыныптардың толық, талапқа сай оқуларына мектеп барлық қолдан келген жұмыстарды атқарып жатыр.

Д. Сюндикова, №24 мектеп-гимназиясының директоры


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77