Новости Проиcшествия

Бір күнде екі адам…

Соңғы уақытта терезе көзінен құлау жиілеп кетті

Қостанайда студенттік жатақхананың терезесінен 17 жастағы қыз құлап кетті.

Бірнеше сағаттық айырмашылығы баруақыт аралығында терезеден екі адам құлады.

Бұл туралы Қостанай облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі баспасөз қызметі хабарлады.

Бірінші оқиға 25 маусымның соңында орын алды. Екінші қабаттың терезесінен 2 жасар бала құлап кеткен. Абырой болғанда, ол аман қалды және бас жарақатын алды. Оның жағдайы тұрақты, қазір дәрігерлердің қадағалауында.

Ал бүгін таңертеңгі сағат үштер шамасында Қасымханов көшесінің бойындағы студенттік жатақхананың 3-қабатынан17 жастағы қыз құлап кетті. Оған жабық түрдегі омыртқа жотасы сынған деген дигноз қойылып отыр. Оның қазіргі жағдайы ауыр.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77