Қалалық білім беру бөлімінің бүгінгі ақпараты бойынша бірінші сыныпқа 3521 бала қабылданған, оның ішінде балалардың 20% – ы мемлекеттік оқыту тілін таңдаған екен
Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2% – ға жоғары дейді мамандар. 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік тілде оқытатын балалар контингентін ұлғайту жөніндегі “Жол картасына” сәйкес, қаланың білім беру жүйесінде 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде 3 мектепте (Абай атындағы мектеп, физика-математика лицейі, Дружба мектебі) мемлекеттік тілде 156 орындық 10 сынып ашылған. Сондай-ақ, мемлекеттік тілде оқытатын бастауыш буын сыныптары үшін 11 мектептің базасында ұзартылған күннің 126 тобы ашылған. Бұл (№9 ЖББМ, №10 ЖББМ, №11 ЖБМ, №15 ЖБМ, №18 ЖББМ, №20 ЖБМ, А. Бөкейхан атындағы № 28 ЖББМ, № 115 ЖББМ, ДОМ, ФМЛ). Биыл жоспарға сәйкес тағы 4 бірінші жинақ-сынып қосылады (Абай атындағы мектеп базасында үш сынып және ФМЛ базасында тағы бір жинақ-сынып). Ұзартылған күн топтарының саны да артады деп күтілуде.
Жан Шаймерден
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77