События

Биылғы ораза 13 сәуірде басталып, мамыр айының 12-і күні аяқталады

Мың айдан қайырлы қадір түні мамыр айының 8-нен 9-на қараған күні

Аллаһ тағала Өзіне иман келтірген пендесін бұл дүниеде адасудан ақиретте от азабынан қорғау үшін және тақуалыққа жетуі үшін әр жылы рамазан айының оразасын парыз етті. Бұл туралы қасиетті құранда: {Әй иман келтіргендер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді. Сол арқылы тақуалыққа жетесіңдер}

Бұл айдың қасиеттілігі құранның түсуімен тікелей байланысты: { Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және ( ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде құран түсірілді. Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын. Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын} Бақара сүресі 183-185 аяттар. Рамазан оразасы һижраның екінші жылынан бастап парыз етілді.

Пайғамбарымыз хадисінде: {Исләм діні бес нәрседен тұрады; Алладан басқа тәңір жоқ Мұхаммед оның елшісі екендігіне иман келтіру, бес уақыт намаз оқу, зекет садақасын беру, рамазан оразасын ұстау, қажылық жасау} – деген. Ораза ұстау арқылы мұсылман ден саулығы жақсарып, бойына қуат жиналып бұл дүниеде пайдасын көрсе, ақиретте де Алланың мейірімі мен мол сауапқа кенеледі. Бұл туралы пайғамбарымыз хадисінде: {Аллаһ тағала айтады; адам баласының барлық амалы өзі үшін тек ораза Мен үшін, оның сауабын да Өзім беремін, ораза қорған, сендерден кім ораза ұстаса жаман сөз айтпасын, ,дауыс көтеріп айқайламасын, біреу соқтықса мен оразамын десін, ораза ұстаушының ашығу себепті аузынан шыққан иіс Аллаһ үшін әтір исінен де артық, ораза ұстаушының екі қуанышы бар, біріншісі; ауыз ашқанда, екіншісі; қияметте Аллаға жолыққанда ораза ұстағаны үшін} Және бір хадисте: {Жәннәтта Райян деген есік бар одан тек ораза ұстағандар ғана кіреді сосы есік жабылып басқа ешкім кірмейді} – деген.

Биылғы ораза сәуір айының -13 күні басталып, мамыр айының -12 күні аяқталады. Мамыр айының 8-нен 9-на қараған түні мың айдан қайырлы қадір түні. Биылғы пітір садақасы жан басына 420 теңге.

Аллаһ Тағала ұстаған оразаларыңыз бен берген садақаларыңызды қабыл етсін!

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің баспасөз қызметі


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77