Социум

«Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы өтті

Онда аз қамтылған 100 отбасына көмек көрсетілді

Елімізде жүріп жатқан «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы аясында облыстық мешіттің бастамасымен кезекті рет Қостанайдағы тұрмысы төмен, көп балалы 100 отбасыға азық-түлік таратылды.

Бұл шараға қалалық «Жайлаубай ата», облыстық мешіт пен Тобыл қаласындағы «Маңдай батыр» мешітінің ұжымы атсалысты.

Облыстық мешіттің «Зекет» қайырымдылық қорының өкілі Мейрам Жүсіпбековтің айтуына қарағанда мұндай қайырымдылық акциясының жиі ұйымдастырылып тұрғаны абзал. Әсіресе, өңіріміздегі аз қамтылған отбасылар мұндай көмекке зәру. Сонымен қатар қиналған жанға қол ұшын беріп, оған қуаныш сыйлаған жанның үлкен сауап жинайтыны белгілі. Сондықтан әрдайым тек жақсылық жасауға асыққан жөн.

Бұл мақсатта облысымыздағы мешіттердің ұжымы көрегенділік танытып, баршаға үлгі боларлықтай істер жасап жүргеніне бәріміз куә болып жүрміз.

Әрдайым «Біз біргеміз» деп бір-бірімізден көмегімізді аямайық.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77