События

Біздің облыс бойынша Наурыз мерекесіне арналған челленджді 80 жас домбырашы бастады

Іс – шара өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік мәдениет пен патриоттық сезімдерді тәрбиелеуге, елдің мәдени мұрасын сақтауға, балалар арасында домбыра ойынын насихаттауға бағытталған.

– Домбырашылар челленджі елімізде екінші рет өтеді. Ол балалар мен жастардың, тәрбиешілер мен ата-аналардың музыкалық өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерін көрсетуге бағытталған домбыраны насихаттау. Облыстың барлық білім беру ұйымдарында бір мезгілде домбыра дыбыстарын біріктіретін ең танымал күйлерді орындау басталады. Министрліктен бір ай бұрын концепция келген болатын, сол арада барлық білім ошақтарында дайындық жүрді,-дейді Қостанай облысы білім басқармасының тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің маманы Қаламқас Қаратаева.

Жалпы облыс бойынша осы челледжге 18000 бала қатысып жатыр. Оның ішінде 253 мектеп және 30 колледж.

– Ұлыстың ұлы күні қарсанында осындай флешмоб ұйымдастырылып жатыр. Бұл біз үшін домбыраның киелі аспап екендігін көрсететін іс-шара. Жалпы мен 6 жылға жуық уақыт домбыра тартып келемін. “Нағыз қазақ, қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра” деп бекер айтпайды ғой. Біз үшін домбыраның орны бөлек, сондықтан алдағы уақытта да осы аспапты қолымда ұстап, үлкен белестерге жетемін деген ойдамын, -дейді жас домбырашылардың бірі Санжар Құрманғали.

Аяжан СЕРІК,
Суретті түсірген Абиль ДОЩАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77