ЖКХ

Цифрландыруға салынған қаражаттың арқасында «Қостанай-су» МКК қомақты қаржыны үнемдемек

Кәсіпорын басшысы Еркебұлан Файзулаев тілшілермен кездесу барысында бұл жайлы нақты түсіндіріп берді

Басшының айтуынша соңғы жылдары қалалық су арнасы жарқын жаңа жобаларды жүзеге асыруды қолға алған. Солардың бірі де берегейі, электр көзін коммерциялық есепке алудың жаңа диспетчерлік, автоматтандырылған жүйесі мен географиялық ақпараттық жүйе.

Сандық хабарларды жинақтайтын барлық деректер автоматтандырылған басқару бөлмесі деп аталатын жаңа ғимаратта орналасқан. Сондай-ақ, су арнасының аумағында жоғарыда аталғандай тағы бір диспетчерлік корпус салынды.

– Кәсіпорын мамандары желілердің ағымдағы жағдайын, су шығынын орнатылған датчиктер арқылы көріп отырады. Егер қандай да бір апар орын алатын болса, диспетчерлер орнын тез әрі дәл анықтай алады. Ал, бұрын апат болған жерді анықтауға күндер кететін еді. Осы цифрлық бағдарламалардың көмегімен жылына 157 млн теңге үнемдейміз, – деді кәсіпорын басшысы Еркебұлан Файзулаев.

Жаңа жүйенің тиімділігіне тоқталатын болсақ, бұрын диспечерлер барлық ақпаратты қағазға толтырып әлек болса, қазір барлығы электронды жүйеде сақтаулы болады. Мамандар кез-келген ақпаратты өздері ала алады.

– Біз кәсіпорынның кейбір функцияларын цифрлық форматқа ауыстыруға 631 млн теңге жұмсадық, бірақ шығындарды алдағы жылдары ақтауға болады. Өткен жылы біз электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінде жұмыс істей бастадық. Оны іске асыра отырып, біз электр энергиясын көтерме нарықта, яғни өндірушіден бірден делдалсыз сатып ала алдық. Егер бүгін «КЭЦ» ЖШС тарифі 1кВт*сағ үшін 26,5 теңге болса, онда біз электр энергиясын 1кВт*сағ үшін 19,9 теңгеге сатып аламыз, Үнемдеу – 1 кВт*сағ үшін 6,6 теңге. Жоба 1,5 жылдан кейін өзін өзі ақтайды, – дейді «Қостанай-Су» МКК жетекші инженер бағдарламашысы Александр Кузьмич.

Кәсіпорынның тағы бір жаңалығы 345 млн теңге тұратын қашықтан басқару жүйесін қолданатындығында. Басқару жүйесінің арқасында қаланың барлық аймақтарында су шығынын бақылай алады.

– Барлық жүйелерде арнайы датчиктер тұр. Сондай-ақ, олар сізге апатты көруге және оның жерін анықтауға мүмкіндік береді. Егер желінің бір бөлігі жарылса, артық су шығынын монитор арқылы көрінеді. Сонымен қатар, қысым датчиктері бар, олардың барлығы 30. Олардың көмегімен желі арқылы судың қандай күшпен келетінін және қысымды қайда қосу немесе азайту керек екенін бақылауға болады, – деді технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесінің инженері Сергей Янкин.

Мұның барлығы жанама түрде 22 млн теңге үнемдеуге әкеледі, өйткені суды артық тұтыну қысқарады, апатты қалпына келтіру жөндеулеріне және сорғы станцияларына жұмсалатын шығыстар толық автоматтандырылған жұмыс режиміне өтеді.

Сералы МЫЗАБАЙ
Суретті ұсынған кәсіпорын баспасөз хатшысы


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77