Бүгінде қалалық №1 емханада аталмыш екпе түрын қабылдаған жасөспірімдердің саны артқан
Өңірімізде Pfizer «Комирнати» АҚШ екпесімен егілу науқаны барынша жандана түскендей. Қаламыздағы №1 емханада бүгінде 96 адамға жететін Phizer «Комирнати» АҚШ екпесі бар. Осы уақытқа дейін мұнда 1 компонентпен 218 адам егілген. Оның 181-і жасөспірімдер болса, 37-сі бала емізетін аналар, 1-уі жүкті әйел.
Сонымен қатар 2 компонентпен барлығы 162 адам егілген. Олардың 139 жасөспірімдер, 24-і емшектегі баласы бар аналар мен 1 жүкті әйел. Аталмыш екпе түрімен нәресте күтіп жүрген әйелдер жүктіліктің 16-37 аптасында егілулері қажет. Бұл екпе көптеген жұқпалы дертке қарсы тұра алады.
Pfizer «Комирнати» АҚШ екпесінің қала орталығында орналасқан №1 емханаға 2 компонентінің де 762 данасы бөлінген. Емхана қызметкерлеріне ай сайын осының 40-60 данасы беріліп отырады. Бір қорапта 6 екпе болатындықтан, емхана қызметкерлері екпе алатын жандардың тізімін алдын-ала жасап, жаңа қорап ашылатын күні емханаға шақырады. Бүгінде АҚШ елінен шыққан жұқпалы дертке қарсы екпенің кері әсері байқалмаған. Екпе алған жандардың тарапынан ешқандай шағым түспеген.
-Бұл өте сапалы және қауіпсіз екпе түрі. Мұны көптеген шет ел азаматтары салдырып жатыр. Біздің елімізде жасөспірімдер мен жүкті әйелдердің және емшекте кішкентай нәрестелері бар жандар үшін ерекше қамқорлықпен жасалып отырған екпе. Сондай-ақ мұның көптеген жұқпалы дерттен сақтайтынын атап өткен жөн,-дейді қалалық №1 емхананың эпидемиолог дәрігері Гүлсім Сасыкова.
Әрине, сақтықта қорлық жоқ екенін ұмытпаған жөн.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77