События

Дебат тақырыбы – Алаш партиясы

Республикалық пікірсайыс турнирі өтті

Ағымдағы жылдың 27-28 ақпан күндері Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті Республикалық Әлихан Бөкейханов «Алаш партиясының көшбасшысы» тақырыбында пікірсайыс турнирін өткізді.

«KRU CUP-15» турнирін өткізу «Ахмет ұрпақтары» пікірсайыс клубы үшін дәстүрге айналған, биыл аталмыш турнирге 15 жыл болды.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Дебат тек зияткерлік ойын емес, ол – сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға, сұрақ қойып, оларға нақты жауап беруге үйрететін білім беру технологиясы, оны дамыту керек» – деген еді. Шынымен де дабаттын жастарға қосымша біліменен басқа да берері көп.

– Өткізген бұл турнирдін басты мақсаты жастардың ойлау қабілетін дамыту, қоғаммен байланысын арттыру. Әр облыстағы жастардың басын біріктіріп достық шекарасын нығайтуды басты мақсат еттік. Дебат бұл тек ойын ғана емес, дебат ол жеке әлем, – дейді бас ұйымдастырушы Сейсен Аружан.

Ұшқыр ойлы жастар турниріне Павлодар, Ақтөбе, Қарағанды, Орал қалаларнан үздік 32 спикер қатысты.

Турнирдің қортындысы бойынша жүлделі бірінші орынды Қарағанды қаласынан келген «Тоққа салынған айыпбұл бұл» фракциясы алса, 2-орынды Павлодарлық «Президент А» фракциясы, ал 3 орынды Қарағанды қаласындағы «Бірлік» пікірсайыс клубынын мүшелері иеленді. Ақтөбелік Жәкен Нұркен «Үздік спикер» номинациясын қанжығасына байлады.

– Біз дебатты, дебат бізді сағыныпты. Көптен бері ашық аланда дебат ойнамаған едік, әр спикерден ойын барысында дебатқа деген сағынышы сезілді. Осындай мүмкіндік беріп жатқанын университет тарапына және ұйымдастырушы «Ахмет Ұрпақтары» ПК-на алғысымызды білдіреміз. Қызықты да өзекті қарарлар мен әділетті төрешілік үшін Бас төрешіге жеке рахмет айтқым келеді, – дейді үздік спикер.

Іс-шара соныңда жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.

Айгерім Төлепова


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77