Елімізде 2020 жылдан бастап тегін берілетін дәрі-дәрмектің саны артады
2020 жылдан бастап еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілетін болады. Тегін берілетін дәрі-дәрмектердің саны да артады. Мұндай дәрілер медициналық ұйымдардағы арнайы дәріханаларда ғана берілетін болады. Осы жерде атап өтері, ақы төленген кезде тегін дәрі-дәрмекті таңдау мүмкіндігі беріледі.
Бүгін де еліміздегі денсаулық сақтау жүйесі алдағы жылы жүзеге асырылатын өзгерістерге дайындықты бастап кетті. Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылы тегін берілетін дәрі-дәрмектің тізімін бекітті. Оған дәрі-дәрмектің 900 түрі еніп отыр. Олардың 600 түрі отандық дәрі өндірушілерден сатып алынған. Сонымен қатар болашақта тегін берілетін дәрі-дәрмектің санын арттыру жоспарда.
Осындай келер жылы денсаулық сақтау жүйесіне енгізілетін жағымды жаңалықтар көпшілікке қуаныш сыйлауды. Осы ретте қала тұрғыны Ерлан Қонысұлын сөзге тартқанымызда, ол:
– Мен елімізде медицина саласына ерекше көңіл бөлініп жатқанына қуаныштымын. Жалпы, денсаулық өте маңызды. Бүгін де ауру түрлері де көбейіп келеді. Сонымен қатар аса қатерлі ауруға шалдығып жатқандардың көпшілігі жастар.Сондықтан еліміздің болашағы үшін халықтың денсаулығы басты назарда ұстаған абзал. Келер жылы тегін берілетін дәрі-дәрмектің санының артып отырғаны өте дұрыс. Өйткені, ауырып жаны қиналған жанның дер кезінде дәрі-дәрмек ішіп, уақытында емделгеніне не жетсін. Ең бастысы ауруды асқындырып алмау керек,-деді.
Елімізде дансаулық сақтау жүйесінің жыл сайын жаңарып, жетілдіріліп отырғанының маңызы зор. Дені сау халқы бар елдің болашағы да зор болары айқын.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77