События

Екі музей басшылары меморандумға қол қойды

Негізгі мақсат – тәжірибе алмасу, мәдени-рухани байланысты арттыру, ел тарихына, мәдениетіне қатысты рухани құндылықтарды анықтау

Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейі басшысы Оспанов Марғұлан Бақытбекұлы мен Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйі директоры Имаханбет Райхан Сахыбекқызы ғылым, мәдениет аясында тікелей және өзара тиімді ынтымақтастықты орнату, ұлттың мәдени және жазба мұрасын сақтау жөніндегі меморандумға қол қойды.

Ынтымақтастық келісімшарттың басты мақсаты – тараптардың арасында тәжірибе алмасу; мәдени-рухани байланысты арттыру; ел тарихына, мәдениетіне қатысты рухани құндылықтарды анықтау; зерттеу-ізденіс жұмыстарын ғылыми айналымға енгізу; реставрациялау саласында іскерлік қарым-қатынаста болу.

Айта кету керек, Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейі Алматы қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлының музей үйінде ұлы ағартушының 180 жылдығына арналған жылжымалы көрменің салтанатты ашылуын өткізуге барған болатын. Тарихи-танымдық көрмеде 45 жәдігер жұрт назарына ұсынылды.

– Ахаң музейінде көрме бес күн бойы жайғасып, келушілерді қарсы алуда. Одан қалды біз бұл жолы тек көрме мәселесімен ғана келмей, ҚР ұлттық мемлекеттік архивіне барып, екі күн бойы жұмыс істеп, Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай ағартушының өмірі мен атқарған қызметіне байланысты ғылыми іздестіру жұмыстарын жүргіздік. ҚР Ұлттық кітапханасының сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорында да болып, көптеген жұмыстармен таныстық. Ы.Алтынсариннің еш жерде жоқ өзінің қолжазбаларын көрдік. Тың мәліметтермен таныстық. Ол кітаптарды бермесе де көшірмесін алып, байып қалдық. Көрменің атауының өзі «Қазақ әліпбиінің негізін қалаушылар» деп аталуы тегін емес. Алдағы Ахаңның мерейтойына қарсаңында және Ыбырай атамыздың 180 орай қарсаңында бұл бір жақсы шара болып тұр.

Қазақ әліпбиін толықтырған екі тұлғаны осылайша тоғыстырып, таныстырып, танытып отырмыз, – дейді мемориалдық музейдің басшысы Марғұлан Оспанов.

Сералы РАМАНҰЛЫ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77