Бұл сала маманына қажыр мен төзімділік қажет
Бүгінгі таңда күнделікті өмірімізде көріп, кездестіріп жүргеніміздей, электр қуатының тіршілік құбылысында алатын орны ерекше.
Тіпті, онсыз өмір сүру, еңбек етудің өзі мүмкін емес. Мәселен, бір күн үйімізде жарық болмай қалса, қандай күй кешетініміз белгілі. Ал, зауыттар мен фабрикалар, алып кен орындары ше? Айта берсе, жарықсыз дүние – қараң екені анық. Осы ауқымды саланы алға жылжытуда электр мамандарының еңбегі зор. Қазіргі заманға сай білікті де білімді. Іскер де қабілетті қызметкер ретінде өзгелерге үлгі өнеге болып, өңір тұрғындарының айтарлықтай алғысын алып жүрген азаматтар бар.
Аптап ыстық демей, қыстың қақаған күні – жылдың төрт мезгілінде дамыл таппайтын электр маманының жұмысын, елеулі еңбегін қалай айтсақ та артық емес.
Бүгінде елуге таяған білікті маман Ербол Төлепов осы салада он бес жылға жуық уақыта еңбек етеді. Міндеті – табиғи және өзгеде апат болған жағдайда, үзілген баған желілері сымдарын қайта қалыпқа келтіру. Оның бұл салада тәжірбиесі мол.
Ербол Төлепов негізі Амангелді ауданының тумасы. Ол 1997 жылы Арқалық қаласынан, сол кездегі Арқалық политехникалық техникумында қазіргі жасап жүрген саласы бойынша маман иесі атанып шықты. Содан бері өзі қалаған кәсіптен ажыраған емес.
– Негізі туған жерім Амангелді ауданы. Қостанай қаласына 1998 жылы қоныс аудардым. Осы «Қостанай ЭнергоЦентр» ЖШС-де 2006 жылдан бастап электромонтер, яғни әуе желілерін монтаждаушы болып қызмет жасаймын. Біздің негізгі жұмыс тұрғындарды тұрақты жарықпен қамтамасы ету болып табылады. Табиғи және түрлі апаттар болған жағдайда үзілген желілерді қайта жалғау. Ең басты жұмысымыз осы. Тұрғындардан түрлі өтініш хаттар келіп түседі. Кей жерлерде жарық сөніп қалуы мүмкін. Біз соларды қалыпқа келтірумен айналысамыз. Өтініштері бойынша қызмет көрсетеміз. Мекемеміз бірнеше бөлімдерге бөлінеді. Қызметкерлердің бір бөлігі жер асты желілерімен айналысады. Енді бірі негізгі қосалқы станция қызметімен шұғылданады.
Жұмыс барысы өзіме ұнайды, жақсы болмаса бұл жерде қызмет қылмас болған едім. Өзімізе ұнаған соң жұмыс істеп жүрмін. Кез-келген жұмысты жеңіл деп айта алмайсын, қай мамандық саласын алып қарасақта өзінің қиындығы жеңілдігі болатыны рас. Күнделікті атқарып жүргендіктен, үйреніп алуға болады. Табиғи апаттар болған жағдайда желілер үзіліп жерде жатады. Оның бәрін дер кезінде көтеріп, жалғамасан халыққа қауіпті болып саналады. Сол себепті жауапты жұмыс. Қатты желдер болуы мүмкін. Желілер үзілмей тұрмайды, ағаштарға ілігіп қалуы мүмкін. Демалыс күндері де кезекшілікті кезекпен атқарамыз. Ауа-райы тылсым дүниеғой. Аяқ астынан құбылуы мүмкін. Сол күндері қымзет көрсетуге тура келеді – дейді ол.
Ербол қызмет істейтін серіктестік қаламыздағы Қостанай-2, Красный партизан, Киев ықшамаудандары мен бірнеше ауылдарға қызмет көрсетеді. Сол қызмет көрсету барысында бастан-аяқ Ербол Молдабекұлы жүреді.
Шаруаға икемді, сондай-ақ өзіне жүктелген тапсырманы мүлтіксіз орындауға тырысып бағады. Қиын сәттерге ерлік істерге қадам жасай білуді ол, азаматтықтың белгісі деп біледі. Электр желісінің қауіптілігі соншалық оның иісіжоқ, дыбысы я, болмаса шуы жоқ, қауіптің қай жағыңнан келетінін бағамдау өте қиын. Оны өз ісінің шеберлері ғана сезіне алады. Осы себептен де болар Ербол, әріптестер арасында зор беделге ие.
–Ербол ақжарқын, адал жігіт. Қызмет барысында да адалдық аса қажетті құнды дүние болып табыладығой негізі. Еңбекқор. Жұмыс табалы солай болғандықтан, өзісіне ұқыпты, тиянақты қарайды. Негізі, біздің бұл сала оңай шаруа емес екенін бәрі біледі. Оған аса төзім мен қажыр қажет. Барлық мамандықтардың да өз қауіптілік деңгейі бар. Солардың ішінде аса қауіпті мамандықтардың бірі осы. Ербол ылғи жоғарғы кернеулі ток жүйесімен жұмыс істейді. Ол техника қауіпсіздігіне жіті көңіл бөледі. Ербол, баршамызға үлгі, – дейді әріптестері.
Бүгінде, бұрыңғы дәуірге қарағанда электр сымдарының сапасы да артқан. Ертеректе сәл желді дауылдар тұрған бойда, сым желелілері жиі үзілетіні баршаға аян. Сапаның жақсарғанын кейіпкерімізде айтады.
– Бүгінде бұрынғыға қарағандай сымдар осал емес. Электр сымдарының сапасы жақсы. Кейінгі бес жылда біздің қаланың жартысынан көбі, 70%-ға жуығы жаңаланды деп айтуға болады. Өте жаңа технологиялар келді. Бұрынғыдай шамалы жел болса апаттын салдарымен күресіп, қалыпқа келтіру үшін екі-үш күн уақытымыз кететін. Қазір ондай емес. Шамалы жел тұрса сым желілері шыдас бере алады. Тұрғындарда жарықсыз қаламыз деген уайым сейілген. Өткені жаңа заман жабдықтары шаруамызды біраз жеңілдетіп отыр, – дейді кейіпкер.
Ербол да өз жұмысынын мақтан етеді. Өйткені, олар мыңдаған, тіпті одан асып жығылатын адамның жайлы, лайықты өмір сүруіне жағдай туғызып, жол ашады. Жасаған игі қызметі арқылы ел алғысына кеңеледі. Еңбек адамына бұдан асқан бақыт барма, сәріда!
Кейіпкеріміз, Ербол Молдабекұлы қарапайым отбасынан шыққан азамат. Бұрынғы Батпаққараның шаның жұтып, бұлақ суың сіміріп, топырағына аунап өскен ауыл баласы, бүгінде ел ағасына лайық жасқа келген. Отбасында адал жар, ардақты әке.
– Киелі Батпаққара туған жерім болғандықтан құтты мекен санаймын. Бізде қазақы отбасының тәлім-тәрбиесін алып, ерте жұмысқа араласып, еңбек етіп өскенбіз. Бір кезендер де заман қиындау болды. Ауылдар құлдырады, амалдын жоқтығынан, бәріміз үдере қалаға көштік. Еңбекке араласып, қызмет қылудамыз. Ағайын-туыс, бауырға әркез жәрдемшіміз. Аллаға шүкір, төрт балам бар. Алды 25 жастан асты, кішісі биыл 4-ші сыныпқа барады, – дейді Ербол Молдабекұлы.
Өмірде бір рет болсын қателесуге болмайтын екі мамандық иелері бар десек, оның бірі электр мамандары деуге әбден болады. Көбінің жүрегі дауаламайтын маман иесінің еңбегі, ізбасарларына үлкен үлгі, өнеге.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77