Новости Проиcшествия

Ел болып қиындықты бөлісіп, жеңілдетейік

Арыс қаласының тұрғындарына көмек қолын созып жатқандар саны артты

Жарылыстан жапа шеккен Арыс қаласының халқына ел болып көмек қолын созып жатыр. Үйлерін тастап тұра қашқан қала тұрғындарына мемлекетіміздің түкпір-түкпірінен қаржылай көмек көрсетсем деушілердің саны артуда.

Біздің өңіріміз де бұл жайдан бей-хабар емес.  Мұндағы жеке кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері өздерінің жалақыларынан көмек көрсетіп жатқаны белгілі.

Мәселен, Қостанай ауднындағы спорт мектептерінің  қызметкерлері бір күндік жалақыларын  аударған. Мұндағылар халықтың басына түскен ауртпалықты бірлесіп көтерсек ғана жеңеміз деп отыр.

Бұл қаржы бүтін бір қаланың жағдайын дұрыстауға жетпейтіні анық. Сонда да үйсіз-күйсіз қалған жандардың бір тойып тамақ ішуіне жарасы болғаны.

Қамқорлық, мейірімділік, қайырымдылық сынды қасиеттер адам баласының бойынан табылса, оның айналасы да шуақтанып, жайнап кетері анық. Сондықтан қиналған жандарға көрсеткен көмегіміз Алладан екі еселеп өзімізге қайтаратынын ұмытпайық.

Ел болып күтпеген жерде бейбіт халықтың басына түскен қиындықты бөлісіп, жеңіп шықсақ қазақ халқының даналығын танытар едік.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Фото ғаламтор желісінен алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77