Одан жиналған қауым өздеріне тың мәліметтер алды
1991 жылдың 1 желтоқсанында қазақ елі Тұңғыш Президентін сайлап, Тәуелсіздік тарихын басталды.
Бүгінде еліміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында әлем мойындаған өркениетті мемлекетке айналды. Көпшілік мақтана да тамсана да қарайтын астанамыз да осы тәуелсіз жылдары жеткен жетістіктеріміздің бірі.
«Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы – елімен бірге» тақырыбында саяси сағат болып өтті.
Бұл саяси сағаттың мақсаты қызметкерлердің патриоттық сезімдерін арттыру болды. Сонымен қатар басқосуға қаламыздағы Н. Островский атындағы Қостанай қалалық кітапханасының өкілдері келіп, өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ олар кездесу барысында, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы фильмдер мен бейнероликтер көрсетіп, «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты деректі көрме ұйымдастырды.
Жиналған қауымды Елбасы Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі», «Өзекжарды ойлар», «Тарих толқынында», «Ақыл-парасат кітабы» атты еңбектерімен жан-жақты таныстырды.
Аталымш басқосуда көпшілік өздеріне құнды мәліметтер алып, рухани бір байып қалды.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77