Новости Экономика

Еттің бағасы айтарлықтай шарықтап кетті

Осыған орай ет сатып алушылардың қатары сиреген

Биыл елімізде еттің бағасы айтарлықтай қымбаттағаны белгілі. Атап айтар болсақ, нарық бағамы бойынша құс еті -15, сиыр еті-20 пайызға қымбаттаған. Осыған байланысты соңғы үш айда ет сатып алушылар саны да азайған.

Әсіресе, көпшілік тарапынан әрдайым сұранысқа ие  қатып тұрған күйінде сатылатын құс етінің келісі-800 теңгеге жеткен. Бұл жергілікті тұрғындардың қалтасына қымбат түсуде.
Осындай еттің қымбаттауы Қостанай қаласында да көрініс тапты. Шаһарымыздың ет сататын дүкендерінің сөресінен сиыр етінің келісін 1800-2000 теңге аралығында, жылқының етін 2000-2500, ал қойдың етінің келісін-1700 теңгеге сатылып жатқанын көрдік.

Осы ретте ет бағасының бірден шарықтап шыға келгеніне таңданысын білдірген қала тұрғыны Сәуле Оспанқызын сөзге тартқанымызда, ол:

-Еттің бағасының тым шарықтап кеткенін байқап тұрмын. Күн суытқан шақта ет асып, сорпа ішкенге не жетсін. Жыл сайын соғым уақыты жақындағанда еттің бағасы көтерілетін әдеті ғой. Сонда да биыл ет тым ерте қымбаттаған сияқты деп ойлаймын, – деді.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Сурет ғаламтордан алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77