Проиcшествия Социум

Газбаллондарын қолданудағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Арнайы құрылған топ қаламыздағы бірқатар жылдам ас дайындайтын дүңгіршектерді аралады

Қаламызда соңғы жылдары жылдам тамақ дайындайтын дүңгіршектердің саны артқаны белгілі. Атап айтқанда қатпарлы самса, донер, гамбургер, хот-дог сынды жылдам жасалатын ас түрлері тұрғындарға ұсынылып жатады.

Міне, осындай тағамдар дайындалатын дүңгіршектердің қауіпсіздік жағдайы қандай, яғни газ балон қолданылған жағдайда сақтық талаптары сақталуы қалай жүргізілуде. Осы мәселеге орай, Қостанай қаласының төтенше жағдайлар басқармасының басшысы, қалалық әкімдіктің кәсіпкерлер бөлімінің қызметкері мен БАҚ-ның өкілдері шаһар орталығында орналасқан бірқатар жылдам тағам дайындайтын дүңгіршектерді аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік ережелері көрсетілген парақшаларды таратты.

Бұл топ бірінші Тәуелсіздік, 109 мекен-жайында орналасқан «Тигер» донер дайындайтын орынға келіп, онда қандай пеш түрі қолданылатынымен танысты. Мұнда донер тағамының электр пеште дайындалатыны белгілі болды. Сондай-ақ қауіпсіздік талапқа сай егер жеке кәсіп иелері газ балонын қолданатын болса ол жеке бір бөлмеде орналастырылу керек екендігі жайында да сөз болды. Арнайы топ тексерген «Тигер» донер орталығында газбаллон жеке тұрғанына куә болды.

-Мен сақтық шараларын қатаң түрде ұстанамын. Бүгінде тек электр пешін қолданып отырмын. Оның барлық сымдары түзу. Тоқ жағынан ешқандай мәселе жоқ. Әрине, газ балон болған жерде өзіндік қауіптің де болатынын жақсы түсінемін. Осынған орай, төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерінің түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік ережелерімен таныстырып жатқандары өте орында деп білемін, – дейді «Тигер» донер орнының иесі Асан Мурзагалиев.

Сонымен қатар газ балоны қолданылған кезде қауіпсіздік ережесін ұстануды түсіндіріп жүрген арнайы топ Тәуелсіздік көшесіндегі «На углях» деп аталатын жылдам тағамның бірнеше түрін дайындайтын орталыққа бассұқты. Мұнда қызметкерлерге қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, қолданып отырған газ плита мен балонның күйімен танысты. Оларға да өрттен сақтану жолдарын түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ қала орталығындағы Food House деп аталатын қатпарлы ыстық самса сататын дүңгіршектің ішіне  кіріп, самсаның қандай пеште пісіріліп жатқанымен танысты. Мұндағы самса дайындап жатқан қызметкерлер қолданыстағы екі электр пешін көрсетті. Олар ешқашан газбаллон қолданбағандарын жеткізді. Төтенше жағдай қызметкерлері оларға қауіпсіздік шаралары жайында жадымаларды табыс етті.

-Өрт дұрыс орнатылмаған газ балоннан, плитадан орын алуы мүмкін. Газ балон мен плитаның орналасуының өзініңде қауіпсіздік ережелері бар. Біз бүгінгі түсіндіру жұмыстарын осы ережелерді жеке кәсіп иелеріне жеткізу мақсатында жүргізіп отырмыз. Әрине, көбісінің электр плиталарын қолданылатынын байқадық. Сонда да кейбіреулерінің газ балонды қолданатыны анық. Сондықтан олар қауіпсіздік ережелерін қатаң түрде сақтауы қажет, – дейді Қостанай қаласының төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Алмас Төлендин.

Қала орталығын аралаған қауіпсіздік ережелерін түсіндірген топ Баймағанбетов көшесіндегі 162-ші үйдің 1 қабатында орналасқан бургер дайындайтын орында газ балонның қалай орналасқанын қарады. Ешқандай қауіпті жағдай байқалмады.

Газбаллондарын қауіпсіз пайдалану бойынша түсіндірме жұмыстары алдағы уақыттада жалғасын табатын болады. Бүгінде төтенше жағдайлар қызметкерлері қаламыздағы барлық жылдам тамақтану орындарын аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік ережелері жазылған парақшаларды таратуды жүзеге асырып жатыр.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77