События

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында ҚР Парламенті Сенатының депутаты В. Волков болды

Депутат ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен танысты

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Коституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков келді.

Депутат ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасы аясында жүзеге асырылып жатқан жергілікті полиция қызметі мен қылмыстық-атқару жүйесі үшін кадрлар даярлаудың жаңа форматтарымен танысты.

Сенатор ҚАЖ мекемесіндегі нақты жедел-қызметтік жағдайды модельдеуге мүмкіндік беретін кешенді оқу полигоны көрсетілді.Сонымен қатар қонаққа пенитенциарлық жүйеде пробация қызметінің мамандарын даярлау, экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл жөніндегі мамандандырылған орталықтар көрсетілді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасыатындағы дәріс залында Владимир Волков академияның бөлімше басшыларымен кездесіп, құқық қорғау жүйесінде жүргізіліп жатқан реформаларды заңнамалық қамтамасыз ету туралы әңгімеледі. Сенатор Мемлекет басшысының полиция жұмысын сервистік моделіне көшу жөніндегі тапсырмасын іске асыруға қабілетті кадрларды даярлауда сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды. Депутат сондай-ақ ведомстволық білім беруді жаңғырту жөніндегі бұдан арғы шаралар шеңберінде ІІМ оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамының әлеуметтік жағдайын нығайту мәселелері талқыланатынын атап өтті.

Академия бастығы Нұрлан Биекенов ұжымның жұмыстары мен жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып, Ұлттық Ұланның сарбаздарын оқыту, даярланған және ынталандырылғанқызметкерлерді оқытушылық жұмысқа тарту, академияның материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша бірқатар ұсыныстар жасады. Талқылау аясында нәтижелі пікір алмасу өтті.

-Іс сапармен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаты академияның жұмысымен, бүгінгі жай-күйімен жан-жақты танысты. Ол біздің ұжымда атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толатынын жеткізді. Сондай-ақ біздегі ұсынылған бірқатар бастамаларды жеке бақылауға алып, Қостанай академиясына тағы да келуі мүмкін екенін жеткізді, – дейді академия баспасөз хатшысы Сәуле Нұрпейісова.

Сапар соңында депутат Владимир Волков академия мұражайын аралап, құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77