Ведомство өкілдері азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы баяндады
Қостанай облысында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті. Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру – Президенттің мемлекеттік аппараттың алдына қойған басым міндеттерінің бірі.
Азаматтардың көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы хабардан болу деңгейін арттыру мақсатында ҚР мемлекеттік қызмет істері агентігінің департаменті Қостанай облысының Әділет департаментімен, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалымен бірлесіп, алғаш рет тақырыптық «Мемлекеттік қызметтердің онлайн жәрмеңкесін» өткізді.
Ведомство өкілдері азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы баяндады. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өз сұрақтарын қоюға және тікелей эфирде жауап алуға мүмкіндік берілді.
Жәрмеңке өткізу барысында 15-ке жуық сұрақ түсіп, барлығына кәсіби кеңестер берілді. Көп жағдайда облыс тұрғындары жер қатынастары, жер учаскесіне мемлекеттік актіні ауыстыру, құқық белгілейтін құжаттардың екінші нұсқаларын беру, сондай-ақ құжаттарға апостиль қою және заңды тұлғаларды тіркеу мәселелері бойынша қызығушылық танытты.
-Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, халықпен кері байланысты қамтамасыз ету, оларды мемлекеттік қызметтерді аклу тәсілдері туралы хабардар ету, сондай-ақ адамдарға өзекті мәселелерді белсенді түсіндіру, мысалы, құрылатын мүлік иелерінің бірлестігін тіркеу. Мұндай іс-шараларды өткізу ең алдымен мемлекеттік қызметті тұтынушыға бағытталған,-деп атап өтті ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің департамент басшысы Асхат Искендиров.
Қазіргі таңда тұрғындарға мемлекеттік қызмет жайында жан-жақты ақпарат алып отырудың маңызы зор.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77