События

Өңірімізден жастарды шекара қызметінің қатарына шығарып салу сәті өтті

Қостанай қаласының Жеңіс саябағында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарына аттанған мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің бірінші командасымен қоштасу өтті. Бұл сәт 25 әскерге шақырылушылардың өміріндегі жаңа тараудың басталуын білдіреді

– Әр адам өзінің, сондай-ақ өз елінің болашағы үшін жауапты. Сіздер бүгін Отан алдындағы борыштарыңызды өтеуге аттанғалы жатырсыздар. Біріншіден, сіздерді өсірген аналарыңызға алғыс айтамын, – дейді ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары полковник Азамат Дабынов Кенжеханович.

Сондай – ақ, жерлесіміз Кострома қаласының Маршал Тимошенко атындағы академиясының курсанты Дастан Жұмабаев ерекше көзге түсіп, Ресей Федерациясындағы жоғары оқу орнында төрт жыл ішінде білімі мен әскери шеберлікті көрсетті. Осыған орай  полковник Азамат Дабынов оның анасы Әсемгүл Жұмабаеваға алғыс хат ұсынды.

Маңызды сәттердің бірі-ұлдарын қызметке мақтанышпен шығарып салатын ата-аналары мен туған туыстың қолдауы. Патриотизм мен Отанды қорғауға дайын болу жастар жалпыұлттық жүйенің бір бөлігіне айналған маңызды сәттерде қалыптасады.

– Қазақ хандығының құрылуы мен Ұлы Отан соғысының жеңісіне жеткізген біздің Керей мен Жәнібек, Бауржан мен Рақымжан аталарымыздың ерліктері мен батырлығына, төзімділігі мен қайсарлығына сай болуларыңызды тілеймін. Борыштарыңызды адал өтейтініңіздерге сенімдімін, – дейді Қостанай облысы бойынша қорғаныс істері департаменті бастығы подполковник Ақжолтай Уәлиахметов.

Біздің өңірдің 25 әскери шақырушылары өз борыштарын тура жүз жыл бұрын құрылған Зайсан ауданы бойынша шекара басқармасында өтейді. Бұл елдегі ең көне жауынгерлік бөлімшелердің бірі.

Аяжан СЕРІК,

суретті түсірген Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77