Биыл қалада елуге тарта жол учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ірі жобалар қатарында Карбышев және Шақшақ Жəнібек батыр көшесімен Абай даңғылы жөнделмек. Сондай-ақ, Абай көшесінен Гашек аралығы да назардан тыс қалмады.
Қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Дәурен Асқаров Абай көшесіндегі жөндеу жұмыстарына ерекше тоқталды.
– Осы жылы «Нариман көшесін Абай-Баймағамбетов көшелері аралығында қайта жаңғырту» жобасы іске асырылады. Жасыл желектерді сақтау үшін Алтынсарин-Баймағамбетов аралығындағы жобаға түзетулер енгізілуде. Осыған байланысты жоба өткен жылдан осы жылға ауыстырылды, – деді Дәурен Асқаров.
Абай даңғлы қаладағы ең ұзын көшелердің бірі. Орталықтағы басты көше болған соң, көлік ағынының көп болатыны да түсінікті. Сол себепті тас жол жабыны бұзылып, жөндеу қажет ететіні жасырын емес. Қала әкімі Марат Жүндібаев жол жөндеуге қатысты ұсынысын жеткізді.
– Орташа жөндеуге 3,5 млрд бөлінген, реконструкцияға 538 млрд теңге. Фролов көшесінде жөндеу жоспарланған болатын. Алайда өткен жылы Абай көшесінен бастап бұл учаскеге дейін жөндеу жүргізілгендіктен, біз бұл жобадан бас тарттық. Себебі бұл көше параллель орналасқан, әрі онда жасыл желек көп. Соңғы бес жылда қалада автокөлік саны 29 мыңға жетті. Әр отбасында бірнеше көліктен бар. Бұл жолдардың тез тозуына әсер етеді. Үлкен қалаларда жолдар 1-2 жыл сайын жөнделеді, яғни қатты тоздырмайды. Бізде 4 жылда бір рет жөнделеді. Сондықтан негізгі көшелерді мысалы Абай даңғылын екі-үш жылда жөндеп отыру мәселесін қарастыру қажет, – деді Марат Жүндібаев.
Жалпы барлық жұмыстар сәуірдің онында басталған. Жұмыс қалыпты жүріп жатыр. Мамыр айының біріне дейін барлық жол шұңқырлары жөнделуі тиіс. Тек Абай даңғылындағы жөндеу ісі кейін бітеді.
– Жұмыстардың сапасын бақылау үшін ТКШ бөлімі Жол активтерінің ұлттық сапа орталығымен келісімшарт жасасты. Барлық жөндеу жұмыстарын 2026 жылдың 1 қазанына дейін аяқтау жоспарланған, – деді ТҮКШ бөлімінің басшысы Дәурен Асқаров.
Айта кету керек, орташа жөндеуден өтетін 35 көшеге жаңа техникалық құжаттама әзірленіп, маусым айының басында сараптамадан өткізу жоспарланып отыр.
Сералы МЫРЗАБАЙ, фотосурет “Наш Костанай” газетінің мұрағатынан алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77
