ЖКХ

Күн санап қала жолдарының сапасы арта түсуде

Биыл облыс орталығындағы 37 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады

Жаздың келісімен, қаламыздағы ойық та шұңқыр жолдарды жөндеу жұмыстары басталады. Көшелер толығымен жабылып, көлік жүргізушілеріне баратын жеріне айналып жүруіне тура келіп жатады.

Шаһарымыздағы жолдардың жөнделу жұмыстары жайында білгіміз келіп, «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Наурзбай Мусинге бірнеше сауал жолдап, жауабын алған болатынбыз.

Биыл Қостанай қаласындағы ұзындығы 23,9 шақырым болатын 65 көше бойындағы жолдарды жөндеу жұмыстарына 2, 094 млрд. және ұзындығы 14 шақырым болатын 15 көшенің жолдарын қалпына келтіруге 1, 099 млрд теңге жергілікті бюджеттен бөлініп отыр. Облыс орталығында 2019 жылы ұзындығы 32 шақырым болатын 56 көше жолдары қалпына келтірілген. Ал былтырғы жылы жол жөндеу жұмыстарын қаржыландыру ұлғайтылып, 6,8 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаражатқа мердігерлер ұзындығы 43 шақырым болатын 42 көшенің жолдарын жөндеген.

Облыс орталығында жол жөндеу жұмыстары мамыр айынан бастау алып, бүгінде қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, Тәуелсіздің көшесіндегі көлік жолы тез арада жөнделіп, қолданысқа берілгенінің куәсі болдық.

Сондай-ақ бүгінде Алтынсарин Дощанов, Алтынсарин Павлов көшелерінің қиылыстарында автомобиль жолдарында «ВАН» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшылар жұмыс істеп жатыр.

Қала көшелеріндегі жолдарды жөндеумен «ВАН», АБЗ», «АРВИС» жауапкершілігі шектеулі серіктестер айналысады. Олар тозығы жеткен жолдарды қырып, қайтадан жаңа асфальт салып қала тұрғындарының игілігіне ұсынуда.

Сонымен қатар былтыр басталып, биыл жалғасын тауып жатқан екі көшенің реконструкциясы жүзеге асырылатын болады. Атап айтатын болсақ, Сьянов және Алтынсарин көшелеріне реконстукция жасау жоспарланған. Қазіргі таңда Алтынсарин көшесіне тиісілі жол Баймағанбетов көшесінен Фролов көшесіне дейін жөндеуден өтіп, көлік жүруге рұқсат етілген. Ал Фролов көшесінен Павлов көшесіне дейінгі жолда жөндеу жұмыстары жалғасуды. Бұл жолмен көлік жүруіне рұқсат жоқ. Көше уақытша жөндеуге жабылған. Алтынсарин көшесіндегі жолдардың жөндеу жұмыстары жылдың соңына дейін толық аяқталатын болады. Реконструкция жасалады деп күтіліп отырған Сьянов көшесіндегі көлік жолдарын жөндеуге мердігерлер әлі кіріспеген.

Көшелердің жабық болуы қала тұрғындары үшін кедергі әрине, бірақ жаз маусымында қарқынды жүргізілетін жол жөндеу жұмыстары да дер кезінде жүргізілуі тиіс.

Осы ретте «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері кейбір қаладағы көлік жүргізушілердің жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдармен жүруге болмайтынын ескертетін белгілерді жылжытып, жүре беретінін айтады. Осыған байланысты олар жабық көшелермен жүру арқылы жөндеу жұмыстарына білгілі бір деңгейде кедергі келтіретіндерін де алға тартады.

Біз өз кезегімізде көлік жүгізушілердің тарапынан жасалатын осы жайсыз жайтқа байланысты, көлік тізгіндеген қала тұрғыны Данияр Мейірімді сөзге тартқанымызда, ол:

– Көлік тізгіндегенімен көп жылдардың жүзі болды. Жаз басталысымен қаламызда көшелердің жабылып, жолдарды жөндеу жұмыстары басталатыны анық. Әрине, керек жеріңе тура жолмен бармай, айналып жүресің.

Әсіресе, «Кәріс көпірі» жабылғаннан бері «Үлкен көпірде» таңертең және кешке кептеліс орын алатын болды. Кептелісте бірнеше бағдаршамға үлгермей көп тұрып қаласың. Сондай-ақ қаланың ішіндегі көшелердің де жолдары жөнделіп жатыр. Соған байланысты кептелістерде көп тұрамын. Бірақ жабық көшелермен жүруге тиым салатын белгілерді жылжытып өту дұрыс емес деп ойлаймын. Жол жөнделіп жатқанда көліктердің жүруіне болмайды. Шаһарымызда қандай іс жасалса да, тұрғындардың игілігі үшін деп білемін. Сондықтан өзгенің де еңбегін бағалау қажет.

Жалпы, шаһарымыздың жолдарының сапасы жыл санап жақсарып келеді. Шұңқыр, ойық жолдарды байқамаппын. Әрине, кей көшелердегі жолдар жөндеуді керек етіп тұр. Енді міне, осы жазда сол жолдар жөнделіп, баратын жерімізге тез жетуімізге септігін тигізеді деп ойлаймын, – деді.

Биыл жалпы, орташа жөндеу жұмыстары 37 көшеге жасалады деп жоспарланып отыр. Мәселен, Тәуелсіздік көшесіндегі жолдар толық жөндеуден өткен. Сондай-ақ Карбыше және Победа көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осындай орташа жөндеу жұмыстары Панфилов, К.Дөненбаева, Л.Беды, Пушкин, Мәуленов, Орджоникидзе және басқа да көшелердегі жолдарға жасалатын болады.

«Жол азабын жүрген білер» деп дана халқымыз беке айтпаса керек. Жолдың тақтайдай түзу болуы біріншіден көлік ішіндегі жолаушыларға ыңғайлы болса, астыңыздағы темір тұлпарыңыз үшін де тиімді. Бір сөзбен айтқанда, жақсы жолда көлік сынбайды, жолаушылар шаршамайды емес пе.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Суретті түсірген Әбіл ДОСЖАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77