Новости Проиcшествия

Кәріз құдықтары ашық жатыр

Беткі қақпақтарын ұрлап, қолды еткен тәрізді

Бұл суреттерді Қостанай-2 кентінің тұрғыны «Біздің Қостанай» газетінің әлеуметтік желісіне жолдады. Сондай-ақ өзінің өтінішін жеткізді.

– Северо западный 43 квартал бойымен келе жатып, мына үш ашық жатқан кәріз құдықтарын көрдім. Сол жақ беттегі құдықтар. Жауып берулеріңізге көмек сұраймын, – деді тұрғын.

Суреттен байқағамыздай жол үстінде жас жеткіншектер ойнап жүр. Ал, бұл беті ашық құдықтар баллардың өміріне өте қауіпті болып саналады.

Жол үстіндегі беті ашық құдықтарға абайсызда түсіп кетіп, дене жарақатын алған ересектер де, ойын балалары да бар, ондай оқиғалар орын алған болатын.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77