События

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл

2238 күн тоқтаусыз жүрген қанды шайқас көптің өмірін қиып әкеткені де жасырын емес

Биыл Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл. Қанды шайқаста қаза тапқан жауынгерлерді еске алу үшін 6697 әскери бөлімінің жауынгерлері мен қатар майдандастары Жеңіс саябағында бас қосты.

Ауған жерінде мерт болған азаматтар ерлігін елеусіз қалдырмай жауынгерлердің рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Мұратбек Ермекұлы – Ауғанстаннан елге аман-есен оралған қайсар жауынгерлердің бірі. Қан майдан ортасына түскенде 18 жаста екен. Азаматтық борышын өтеген ол сол күндерді қинала еске алады. Уақыт өтсе де ауған соғысы салған жараның ізі әлі де жазыла қойған жоқ дейді. 2238 күн тоқтаусыз жүрген қанды шайқас көптің өмірін қиып әкеткені де жасырын емес. Көзі тірілерінің жүрегінде ауыр із қалдырды.

Қостанай облысынан Ауған соғысына аттанған 1864 адамның 44-і қаза тапса, 2-уі хабарсыз кеткен. Бұл азалы шарадан келесі күні ардагерлер Ауған соғысында қаза болғандар ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, қоян қолтық күрестен өткен жарыста шеберлік байқасты. Тура 32 жыл бұрын Ауған жерінде орналасқан кеңес әскерлері түгел елге қайтарылды. Содан бері бұл күн тарихи дата ретінде ауған соғысының ардагерлері арасында жылма-жыл аталып өтіледі.

6697 әскери бөлімінің басшылығы мен қатардағы сарбаздарына дейін келіп ауған соғысына қатысқан азаматтардың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.Майдан даласында қаза тапқан жауынгерлер ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Бүгінгі іс шара осы сөзіміздің айқын дәлелі. Кеңес әскері үшін Ауған соғысы осыдан 32 жыл бұрын аяқталған еді. Жат жерде қыршынынан қиылған жерлестеріміздің есімі жеке аталып, түстері түстелмесе де, жыл сайын көзі тірілеріне құрмет көрсетіп, мерт болғандарды еске алу дәстүрге айналған. Бұл игі шараға біздің әскери бөлімніңде жас сарбаздары қатысып, ерлікпен қаза тапқан азаматарымызды еске алды-дейді 6697 әскери бөлім командирінің орынбасары майор Дулат Әбілмажинов.

Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылуының 32 жылдығына арналған іс – шара биылғы еліміздегі төтенше жағыдайға байланысты онлайн түрінде өткізіліп, майданға қатысушыларға арнайы марапаттар тапсырылды.

Қымбат ШҰҒАЙЫП,
6697 әскери бөлімінің бөлініс бастығы
(кітапхана бастығы)


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77