События

Кітапханада Наурыз мерекесі аталып өтілді

Мерекелік шара «Жанұя» отбасылық үлгідегі балар үйінің тәрбиеленушілер қатысты

Қостанай қалалық Н.Островский атындағы кітапханада «Шуағын шашқан – Наурыз» мерекелік іс-шарасы өтті.

Карантин талаптары жеңілдеп, бірқатар нысандардың жұмысына рұқсат етілген болатын, соның ішінде кітапхана да бар.

Наурыз мейрамына орай, кітапхана қызметкерлері азғандай оқырманын жинап мерекелік кеш ұйымдастырды. Тұрақты оқырмандармен қатар Іркітбай Санай ақсақал мен анамыз басты қонақ болды. Сондай-ақ, «Жанұя» отбасылық үлгідегі балалар үйінің тәрбиеленушілері келді.

– Наурыз мейрамына орай, кітапхана мерекелік шара ұйымдастырып отыр. Карантин талаптары жеңілдетіліп, кітапхана жұмысы қыза түсті. Алайда, сақтық шарасың әсте естен шығармаймыз. Кеш барысында оқырмандарға салт-дәстүрге қатысты жұмбақтар жасырып, сұрақтар қойып байланыс орнаттық. Өнерлі жастарымыздың даярлаған қойылымын тамашалады. Мерекелік басты тағам Наурыз көжеден дәм татты, – дейді кітапхана қызметкері Ботакөз Дюсембаева.

Кітапхана ішінен құрылған «Толқын» шығармашылық студиясы мен «Тұмар» клубының мүшелері бірнеше дәстүрді саханалады. Оның ішінде «Қамшы қайтару» дәстүрінің мағынансын ашып берді. «Біз шаншар» дәстүрінде, құдайы қонақ сипатында келген бірнеше адам көрпенің астына «бізді» жасырып кетеді. Ол дегеніміз сол үйдегі бойжеткенге құда түсе келгеннің белгісі. «Біз» табылса, қызы бар үй дереу құдалық қамына дайындалады. Бұл көріністі де өнерлі жастар жақсы алып шықты. «Шүлен тарту» салтында қыстаң қысылып шыққан ағайынға, дәулеті барлары аяққа тұрып кетсін деген ниентпен көмегін береді.

– Біздің «Жанұя» отбасылық үлгідегі балар үйінің тәрбиеленушілері осындай мерекелік шараларға шақырса қуанып қалады. Бүгін бұл шараға 5 бала келіп қатысып отыр. Олардың да өздерінің даярлап келген Наурызға арналған өлеңдері бар, соны оқырманға тарту етті. Кітапхана ұжымына алғыс айтамын, – дейді «Жанұя» отбасылық үлгідегі балалар үйінің тәрбиешісі.

Өнерлі жастар әннен шашу шашып, би билеп, дара домбырамен күмбірлете күй тартты.

Кеш соңында Іркітбай ақсақал ақ батасын беріп, елімізге, алысты-жақынды ағайынға амандық тіледі, Наурыз мерекесімен құттықтады.

Рахат СЕЙТХАН
Суретті ұсынған кітапхана қызметкері


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77